ЖСН алуға асығыңыз

Жаңа жылдан бастап Жалпыға ортақ сәйкестендіруге ЖСН-ға және БСН-ға көшеміз
Жаңа жылдан бастап Жалпыға ортақ сәйкестендіруге ЖСН-ға және БСН-ға көшеміз
Жаңа жылдан бастап Жалпыға ортақ сәйкестендіруге ЖСН-ға және БСН-ға көшеміз

Жаңа жылдан бастап Жалпыға ортақ сәйкестендіруге ЖСН-ға және БСН-ға көшеміз. 2013 жылғы 1 қаңтардан бас­тап Қазақстанда жеке және заңды тұлғаларды сәйкестендірудің бір­ыңғай жүйесі енгізіледі. Бұл жүйе азаматтардың және жеке кәсібін жүргізуші субъектілердің мемле­кет­тік органдармен өзара іс-әре­кетін жетілдіруге мүмкіндік жасайды. ЖСН жеке тұлғаларға, БСН заңды тұлғаларға, филиалдарға, өкілдіктерге және қызметін бір­лескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлерге бе­ріледі және 12 разрядтан тұрады.

Жеке тұлғалардың ЖСН-ы жеке басын куәландыратын құжаттарда болады, оның алғашқы алты цифры жеке тұлғаның туған күні болып табылады.Бұл сәйкестендіру нөмірлері біздің қазіргі қолданыста жүрген ӘЖК (әлеуметтік жеке код) және СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі) сияқты әлеуметтік де­ректемелерімізді алмастырады.Құжат белгіленген мерзімде рәсімделмеген жағдайда азамат ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру, банк шоттарын ашу және жүр­гізу, жылжымайтын мүлікті, көлікті  тіркеу, салық міндет­теме­лерін орындау, нотариус көрсететін қызметтерді іске асыра алмайды.

Бүгінде уәкілетті мемлекеттік ор­гандардың бірлескен жоспарында ақпараттық бірлестік іс-шаралары жүргізілуде. Сәйкестендіру нөмірлерін ал­ма­ған тұлғалар халыққа қызмет көрсету ор­та­лықтарына жүгі­нуі қажет. Қызмет 1 қаңтарға дейін  тегін көрсетілетін болады. Бүгіннің өзінде Электронды Үкіметтің сайтында көрсетілетін 70 электронды қызметтің 9 БСН-ге қатысты болып тұр, ал  ЖСН-сіз азаматтар 40 шақты электронды қызметті пайдалана алмайды.