«Азат» шағынауданындағы Ынтымақ көшесінің тұрғындары билікке өкпелі

205

Шымкентте Кеңес Одағы тарағалы бері ескі құбырдан су ішіп отырған тұрғындар бар. «Азат» шағынауданындағы Ынтымақ көшесі тұрғындарының жергілікті билік пен халық қалаулыларына деген өкпесі қара қазандай. Судың проблемасына қоса мұндағы жол да күрделі жөндеуді қажет етеді.

«Қазақстанның азаматымыз ғой, депутттарды сайлаймыз. Спатаев, Ақбастау көшелеріне  жол  салып,  су да жүргізді» деген Ынтымақ көшесі тұрғындары  өзекті мәселені айтып, нұротандықтарға да барыпты. Алайда нәтиже жоқ. Көшеміздің сиқы мынау . Өз ақшамызға газды да тарттық, жолға да тас төседік дейді мұндағылар. Көше теміржол мен қазандықтың ортасында орналасқандықтан, олармен де қатынау мүмкін болмайын деп тұр. Себебі, жақында жолдар жабылмақ.

 Ұлдана Қалмырзаева, 5-ші емхананың балалар дәрігері: » Туған нәрестелердің денсаулығын бақылау үшін келіп тұрамын. Мынандай жауын-шашында өте күрделі. Ұят болса да,  керзі етігін киіп алдым. Көше жолдарында ашық құдықтар, Ынтымақ көшесі қараусыз қалған. Шара көрмесе болмайды».

Еңбекші аудандық әкімдігінің мамандары Ынтымақтағы проблемаға қанық. Нахаловка аталып кеткен елдімекендегі баспаналардың заңдастырылғанына біраз болған. Әлеуметтік мәселе мүлдем шешілмей жатыр деуге болмайды. «Азат» шағынауданында биыл бірқатар көшелер асфальттанып, су құбырлары алмастырылды. Ынтымақ көшесі алдағы кезекте дейді шенеуніктер.

  Александр МАЛАХОВ, Еңбекші аудандық әкімдігінің халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің меңгерушісі: «Көше жолын тегістеу және су жүйесін алмастыру бойынша ұсынысымызды қалалық әкімдікке жолдадық. Ынтымақ көшесіндегі су жүйесі Кеңес Одағынан бері жаңаланбаған. Осындағы 34 үйге арнайы жобалық сметалық құжат жасап , құбырларды алмастыру тиімсіз. Сондықтан әрбір үй иесі оларды өз есебінен 18 мың теңгеге алмастыруы керек. Және жүйені балансқа өткізу жөнінде су арнасына арыздануы тиіс.»

Ағымдағы жылы Еңбекші ауданы бойынша Нұртас, Тассай , Бадам ,195-орамда су құбырлары кезеңімен тартылуда. Аудан бойынша жалпы ұзындығы 62 шақырым жол жөнделді. Бұл жұмыс келесі жылы да жалғасын табады дейді мамандар.