Байлар салық «төлемейді»

 

әл-Фараби аудандық салық бөлімі былтыр мүлік салығы бойынша 67 млн теңге, жер салығынан 28 млн теңгенің қаржысын қазынаға түсірді
әл-Фараби аудандық салық бөлімі былтыр мүлік салығы бойынша 67 млн теңге, жер салығынан 28 млн теңгенің қаржысын қазынаға түсірді

Шымкенттік бай-бағландар салық төлеуден жалтарып жатыр. Бір ғана әл-Фараби ауданы бойынша 450-ге тарта азамат мүлік салығын төлеуден қашып жүр. Салықшылар шатыры аспанмен астасқан үй иелерінен әбден шаршаса керек, арнайы рейд өткізуге мәжбүр болды.

әл-Фараби аудандық салық бөлімі былтыр мүлік салығы бойынша 67 млн теңге, жер салығынан 28 млн теңгенің қаржысын қазынаға түсірді. Алайда, жоспар толықтай орындалғанымен, салықтан жалтарып жүргендер жеткілікті. Бір ғана «Наурыз» шағынауданы бойынша 20 шақты салықшы өз міндетін орындамай отырғандықтан салықшылардың қара тізімінде тұр. Мамандар олардың ісін енді сот қарап, шешім шығарады, – дейді. Мүлкі үшін салық төлеуден жалтарып отырғандардың ішінде зейнеткер полковник те, ірі бизнесмен де бар. Шын мәнісінде, жыл айналып бір соғатын мүлік салығын төлеуге теңге таппай жүр ме, уақыт жеткізе алмай жүр ме, ол жағы белгісіз. Белгілісі, салық төлеуге келгенде қалталыларға қарағанда қарапайым жұрт белсендірек екен.

Сайып келгенде, салық төлемі дегеніңіз – жұмысшының жалақысы, зейнеткердің зейнетақысы, мүгедектің жәрдемақысы. Солай бола тұрса да салық төлеушілер міндетін орындауға емес, сылтау айтуға асығатын көрінеді. Оның үстіне сала мамандары салықтан жалтаратындарға қолданылатын шаралардың әлсіз екенін де жасырмайды. Сондықтан солқылдақ заң салық өндіруге келгенде салықшылардың өзін сарсаңға түсіріп қоятын сыңайлы.

Мақпал Рысбаева

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=MOl72zgN7eE[/youtube]