Биыл «Ордабасы» құрамында 6 легионер ойнайды

219

«Ордабасы» футбол командасы Түркияға қайта жол тартты. Екінші оқу-жаттығу жиыны да Анталия қаласында өтеді. Шым қалаға бір апталық демалысқа келген командамен кездесіп, спорттық директормен сұхбаттасудың реті туды.

Алғашқы оқу-жаттығу жиыны не көрсетті?

Бағлан Ергешев, "Ордабасы" ФК спорттық директоры
Бағлан Ергешев, «Ордабасы» ФК спорттық директоры

Бағлан Ергешев, «Ордабасы» ФК спорттық директоры: «Команданың негізгі құрамы өзгермейді деп уәде еткен болатынбыз. Солай қалды да. Мансур Гуйемен келісім түзіліп, қол қойылды. Естеріңізде болса, жиын алдында сенегалдық бұл ойыншының Шым қалаға қайта оралары нақты емес болатын. Бүгінде бұл мәселені шештік. Сондай-ақ, қазақстандық футболшы Ринат Абдуллин да команда құрамын толықтырды. Шымкентке келе салысымен тағы бір отандасымыз Санат Жумахановпен келісім шартқа қол қойдық. Ол өткен маусымда «Қыран» командасында ойнап, бірінші лига футболшылары арасында үздік шабуылшылар қатарынан көрінді. Санат та командаға өз үлесін қосады деп сенеміз».

Қандай жолдастық кездесулер өткіздіңіздер?

-Үш жолдастық кездесу өткіздік. Оның бірі жергілікті командамен өтті. Жеңіліс таптық. Келесі ойын Кот-Д’Ивуар командасымен болды. Оларды үлкен есеппен жеңе білдік. Ал неміс футболшыларынан қайта жеңілдік. Алайда, қазіргі таңда жеңіс аса маңызды емес. Ойыншылардың деңгейін сынға салу үшін әр ойыншыны алаңға шығаруға тырыстық.

Қазіргі таңда бес легионермен команда толықты. Тағы екеуін қай елден шақырып отырсыздар?

-Командаға тағы бір легионер ғана қажет деп шештік. Қазіргі таңда бізді толғаныдырып отырған мәселе- ол шабуылшы табу. Келесі жаттығуға тағы төрт шабуылшы келеді. Солардың арасынан епті бомбардирді таңдап алуымыз қажет.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=5RTmKj3hFGw[/youtube]