Кентау қаласын дамытуда күрделіктер жетерлік

554
Кентау қаласы
Кентау қаласы
Кентау қаласы

Елбасының моноқалаларды дамыту бойынша тапсырмасына сәйкес, «Кентау қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары» әзірленген. Ол облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген. Алайда, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының есебінен бірқатар тапсырмалардың орындалмағаны белгілі болды.

Гүлнұр Асылбекова, экономикалық талдау, бюджет және мемлекеттік сатып алу мониторингі бөлімінің меңгерушісі: «Кентау қаласы әкімдігімен осы күнге дейін 6 үйді көшіру бойынша негіздемесі және 500 орындық емхананың  жобалық-сметалық құжаттамасы  ұсынылмаған. Сондай-ақ, жекеменшік бірқатар балабақшаларды мемлекеттік меншікке өткізу бойынша құжаттар да тапсырылмаған».

Бұл мәселелерге қатысты облыс әкімінен тиісті мекеме басшылары тапсырма алып қайтты. Ал облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы кешенді жоспарды орындауда ілгерілушілік те барын алға тартты.

Ербол Садыр, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы: «Кентау қаласындағы балбақшалардың ойын алаңдарын орнатуға, әлеуметтік нысандардың жылыту жүйелерін жөндеуге, көгалдандыруға, жарықтандыруға, қоқыс жоюға және аула алаңшаларын орнатуға 235 млн тенге бөлініп, толығымен игерілді».

Басқарманың 2013 жылға алған міндеттерінің бірі бюджеттен бөлінетін қаржының бірінші кезекте тиімділігіне, нәтижелі жұмсалуына баға бере отырып, жоспарлау. Осы тұста Кентау қаласында орын алған жағдайға қатысты міндеттердің орындалуына жіті қадағалау жүргізу қажет.