Сенаторлар «Асар» шағынауданы тұрғындарына жолдауды насихаттады

244
Асарлықтар Елбасы жолдауын қолдайды
Асарлықтар Елбасы жолдауын қолдайды

Сенаторлар ел аралап жүр.  Шымкентке бір топ депуттар келіп,  елбасының » Қазақстан 2050″ стратегиясы  жолдауын насихаттады. Орынбай Рахманбердиев, Оралбай Әбдікәрімов пен Болат Жылқышиев бастаған топ қала іргесіндегі «Асар» шағынауданында болды.Мінбеге шыққан Орынбай Рахманбердиев   жиналғандарға , сіздер оралмандар емессіздер , сіздер отандастарсыздарымызсыңдар. Ал оралман деген сөз қате».

Осылайша сенаторлар Асар шағынауданында қоныстанған бауырларымызды бір марқайтты. Шағын қалашықтағы оң өзгерістер Сенат депутаттары Болат Жылқышиев пен Оралбай Әбдікәрімовті де қуантты. Елбасының кезекті Қазақстан халқына арнаған жолдауын насихаттауға келген депутаттар Асардың тыныс тіршілігіне қанықты. Бес жылда бой көтерген зәулім үйлер және пайдалануға берілген әлеуметтік нысандар Қазақстан -2030 бағдарламасының жемісі. Кездесу өтіп жатқан білім ошағын аралаған депутаттар өскелең ұрпақтың болашағына сенімді екенін жеткізді.

Болат Жылқышиев, сенатор: «Мектеп оқушылары қабілеті, білімге деген құштарлығы қуантты. Тақылдап тұр ғой.  Қазіргі балалар  еліміздің болашағы. Олардың  жетілуіне барлық жағдай жасалғанына көзіміз жетті. Асарда екі мектеп, 3 балабақша  бой көтерген. Сонымен қатар фельдшерлік- акушерлік бекет те салыныпты. Бұл осындағы халықтың тұрмысын жақсарту үшін жасалынып жатқан игі іс.