Топан судан зардап шеккендер далада қалмайды

372
Облыс әкімі Асқар Мырзахметов ауыл тұрғындарының жағдайымен өз көзімен танысты
Облыс әкімі Асқар Мырзахметов ауыл тұрғындарының жағдайымен өз көзімен танысты

Ағайынның басына күн туған кезде облыс басшысы кезекті еңбек демалысын үзіп, халқының қасынан табыла білді. Табиғат апаты орын алған Сарығаш ауданын аралап, тұрғындармен кездесіп, мемлекет пен арнайы құрылған қордан көмек болатынын айтып, сабырға шақырды.

Сарыағаш ауданынан 40 шақырым жерде орналасқан Қарақалпақ ауылы топан судан қатты зардап шеккендердің санатында. 144 отбасы тұратын ауылда екі үй құлап, 5 тұрғын үй апатты жағдайда болса, тағы екеуіне жөндеу қажет. Бұған 158 қой мен 7 ірі қара малдың шығынын қосыңыз. Былтыр болған апат сабақ болмады, ала жаздай алдын-алу жұмыстары жүргізілмеді деп шырылдайды қараша.

Анаргүл Саймен, Қарақалпақ ауылының тұрғыны: «Тірнектеп жинаған мал-мүлкім суға ағып кетті. Өкіметтен бір тиын қажет емес, өз күнімді өзім көретін едім, өзенді бақылауға алып, көпір салу керек еді».

Тасқынан келген апат ағайынды Бекмұратовтарды аямапты. Үлкені Пазылхан осыдан екі ай бұрын жаңа үйге кіріпті. Қоныс тойын тойламай жатып, үйін су басып, құлатты. Бала-шағасының аман қалғанына қуанады бұл күнде.

Пазылхан Бекмұратов, Қарақалпақ ауылының тұрғыны: «Балаларыммен бірге суды белшемізден кешіп өттік. Құдай қарасып,көлік келді. Содан қырдағы бір үйге апардық, киімдерін ауыстырдық. Жедел жәрдем көлігі кіре алмады. Інім, бала-

үйі құлаған Пазылхан Бекмұратов далада қалмайтынына сенімді
Үйі құлаған Пазылхан Бекмұратов далада қалмайтынына сенімді

шағасы, әйелімен бірге ауруханаға жатып қалды. Қайтеміз, бұл да құждайдың бір сынағы шығар. Ағайынның арасына келіп, елуге келгенде елмен етене араласамын деп Төлеби ауданынан арнайы кешіп келгенмін. Өлтірмес деп үміттенемін.»

Осындай қиын жағдайға түскен ауыл тұрғындарымен облыс басшысы жүздесіп, көмек болатынын, сондай-ақ мәселенің екі жағыда қаралатынын жеткізді. Жылы сөзін аямаған басшы, қыз ауасынды далада қалмайтындықтарын баса айтып, тез арада көмек болатынын жеткізді.

Асқар Мырзахметов, ОҚО әкімі: «Ордабасыдағы тәжірибемізді ескере отырып, халыққа көмек береміз. Комиссиялар жұмысын аяқтаса, қаражаттарын тездетіп қолдарына береміз, егер ол болмайды, шамам жетпейді десе, оны да қарастырамыз. Ең бастысы құжаттарыңызды дайындап, арнайы топпен бірге жұмыс істеген жөн. Барлығы табиғаттың ісі екені көрініп-ақ тұр».

Сондай-ақ, топан су салдарынан 4 көпір, 26 өткел бұзылған болатын. Олардың барлығы облыстық маңызы бар жолдарда орналасқандықтан тиісті басқарма өз жұмысын бастап та кетіпті. Басшылықпен кездескен ағайынның көңілі тоқ болғанымен, уайымы басым.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=7yfL_gZx4G0[/youtube]