Қоғамдық көліктер шымкенттіктерді зар илетті

244
қоғамдық көліктерге қойылып отырған талап қатаң
қоғамдық көліктерге қойылып отырған талап қатаң
қоғамдық көліктерге қойылып отырған талап қатаң

Оңтүстікте автобус жүргізушілеріне қанша талап күшейтілсе де нәтиже шықпай жатыр. Ал жолушылар шағымданумен әлек. Соңғы кезде арыз шағым тым көбейіткенін ескерген билік енді өздері автобусқа отырып көрді. Шетелдік мықты мәшинесін қойып, қоғамдық көлікке отырған шенеуніктер бірден бей берекетсіздікке тап болды.

Шенеуніктер автобусқа отырғаны сол екен, қоғамдық көліктер де ережені сақтай кетті. Бұл күні кондукторлары да сыпайы, жолаушылар да аң таң. Өйткені автобусқа отырса билет беретін болды. Әншейінде мұндай жайлылық ойымызға да келмейді дейді.

Дильбар Орынбаева, қала тұрғыны:»Маршруткалар бір-бірімен жарысқанда жанымызды шүберекке түйіп отырамыз. Кешке бұл автобустарды құдамызды күткендей күтеміз. Келмейді».

Кешкі жетіден кейін өзі түгілі, көлеңкесін көрсетпейтін автобустар бұл күні тзіліп жүр. Десе де қоғамдық көлікке көңілі толмайтын ағайын, мұндай тексеру жұмыстарынан нәтиже шығатынына сенбейді. Бәрі уақытша деген ойда.

Ал билік бастаған істері аяқсыз қалмайтына сендіргісі келеді. Талапқа бағынбағандарына ескерту беріп, құлақ аспаса келісім-шартты бұзуға дайын екендіктерін жеткізіп әлек.

Хамит Төленбаев, қалалық көлік және комуникация секторының бас маманы: «Бұл жерде жол полициялары да қатаң жұмыс істеуі керек. Оларды жұмыс жасамайды деп кінәламаймын, тек жұмысын тағы да күшейтсе дегім келеді. Ал талапқа бағынбағандарға айыппұл салынады. Тексеру үш аудан бойынша үздіксіз жүргізіледі».

Қанша ескерту берілсе де, ережеге бағынбайтындары басым
Қанша ескерту берілсе де, ережеге бағынбайтындары басым

 

Шектен шыққан қоғамдық көліктердің мәселесін реттемек болған әкімдік әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндерін арнайы рейд ұйымдастырып тұруды әдетке айналдырған. Талап күшейтілгенімен тәртіпке бағынып жатқан компаниялар жоқтың қасы. Керісінше, тексерушілердің қашып-пысып, автобустарын айналдырып әкетуде.

Байқағанымыз олар үшін сапалы қызмет емес, бағыттық көліктің тексерушілердің көзіне ілінбеуі маңызды сияқты. Бір апта бұрын басталған рейдте алғашқысындағыдай қаталдық бұл жолы байқалмады. Халық қалаулырамен бірге, әл-Фараби ауданы әкімінің көзінше бағыттық көліктер жолаушыларды лық толтырып жүре берді. Қандай қорытынды шығатыны уақыттың еншісінде.

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=TJq6fWwgvU4[/youtube]