Сарыағаштықтар жұмыртқадан тапшылық көрмейді

Бұл орында енді бірер айда 43 мың бас тауық жемделетін болады
Бұл орында енді бірер айда 43 мың бас тауық жемделетін болады
Бұл орында енді бірер айда 43 мың бас тауық жемделетін болады

Сарыағаш ауданының тұрғындары енді жұмыртқадан да тапшылық көрмейді. Оған осындағы «Сарыағаш Құс» мекемесі кепіл боламыз деп отыр.

Дарбаза ауылындағы бұл серіктестік те «Максимум» АИО-ның шарапатын көрушілер. Орталықтан 7 пайызбен 40 млн. теңге несие алған олар қарызды алдағы 5 жыл көлемінде қайтарып үлгермек.

Қазіргі таңда мұнда құс торларын орналастырып, құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сәуірде «Шымкентқұсқа» тапсырыс етілген 43 бас құс торларға отырғызылып, жұмыс жүре бастайды. Ал құс фабрикасының жалпы қуаттылығы 150 мың құсқа арналған.

Мекеме директоры Серік Талмановтың айтуынша, бір тауық бір айда бір доллар пайда әкеледі екен. Сондықтан кәсібімнен тиісті нәсіп көремін деген үміттемін дейді.