Шымкентте 4 адам газдан уланып өлді

244
жедел жәрдем көлігі де болды
жедел жәрдем көлігі де болды
жедел жәрдем көлігі де болды

Шымкентте бірден 4 адам газдан уланып өлді. Оқиға қаладағы тұрғын үйлердің бірінде болған. 58 жастағы азамат таңертең үйде ұлынының жоқтығын көріп, іздеуге көшкен. Сөйтіп, 22 жастағы жігіттің өлі денесі үй іргесіндегі бастырмадан табылады.

Ол жалғыз болмапты. Қасында тағы бір жігіт пен екі бойжеткен болған. Қаза тапқан қыздардың бірі 27 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны болса, екіншісінің аты-жөнін анықтау мүмкін болмай жатыр. Ол шамамен 25 жаста.

Алдын ала болжам бойынша жастар газдан уланып өлген. Оқиға орнынан 4 ұялы телефон мен арақтың бөтелкелері табылды. Оқиға орнын да тек ішкі істер департаменті ғана емес, прокурорлар да болып, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.  Бірақ, марқұмдардың денесінде қандай бір ауыр жарақат пен, зорлық-зомбылықтың белгілері жоқ.