Шымкенттік жастар жемқорлықпен күреспек

Жастар орталығындағы жиналыс

«Жемқорлыққа жол жоқ!» Бұл жемқорлық сыбайластықпен күресуге шыққан шымкеттік жастардың ұраны. Дәлірек айтсақ, жаңадан құрылған «Жас кәсіпкер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен жиынның басты мақсаты осы болды.

Жастар орталығындағы жиналыс
Жастар орталығындағы жиналыс

Жастар ұйымдарының өкілдері мен белсенді студенттер бас қосқан кездесуде жас толқын мазалаған мәселерді ортаға салды. Оның себеп салдарын бірі әлеуметтік жағдайдан іздесе, екіншісі ашкөздіктен көреді. Алайда үлкедер жағы мұны түбімен жою мүмкін емес, тек оның санын азайтып немесе алдын алуымызға болады дейді.

Статистикалық мәліметтер бойынша, жемқорлық белең алған 42 органның ішінде Ішкі істер және Ауыл шаруашылығы ведомостваларынан кейін Кеден комитеті, Білім және Денсаулық министрліктері алда келеді екен. Бұл тізімге ілінген салаларда жемқорлықпен күресудің жолдарын ұсынды жастар.

Десек те қоғамда бой алдырып отырған жемқорлықпен күресуді біріге атқаруымыз керек деп шешті жиналғандар. Онда билік басындағы ағаларымыз бен қарпайым халық және жастардың арқалаған жауапкершілігі зор. Тек айтылған уәде сөз жүзінде емес, іс жүзінде өз нәтижесін берсе деген тілек бар.