Жертөлеге жиналған су «Нұрсәттіктерді» шаршатты

28 үйдің күйін Нұрсәттегі 2-ші, және 10-шы көпқабатты үйлер де кешіп отыр
28 үйдің күйін Нұрсәттегі 2-ші, және 10-шы көпқабатты үйлер де кешіп отыр
28 үйдің күйін Нұрсәттегі 2-ші, және 10-шы көпқабатты үйлер де кешіп отыр

Жертөлелер құрғайтын күн бар ма? Кешегі күндерді «Нұрсат» шағынауданының тұрғындары шылқыған суда өткізді. Әл-Фараби ауданына қарасты көпқабатты үш үйдің тұрғындары қарашадан бері көрген күніміз қараң дейді. Жаңбыр жауды дегенше көпқабатты үйдің асты суға толып, қолаңса иісі жоғарыдағы қабаттарға дейін жетті деп азар да безер.

«Нұрсәттегі» 28-үйдің тұрғындары өткен түні мына жертөлеге кірмек тұрмақ, сыртынан бақылауға ғана мұршасы болған. Көпқабатты үйдің асты суға толғаны соншалық, екінші, үшінші қабаттарға қолаңса иіс жетіп, тұрғындар әбден абыржыған.

Тамила, №28 үйдің тұрғыны: «Қиындығымыз көріп тұрсыз ғой. Мына жерде ауа жоқ қой. Бұл ауа төбеге көтеріліп жатыр. Екінші этаждағы стенаның бәрі сырость. Ол бір. Екінші қиындығымыз біз мысалы алдыңғы жылы масаның не екенін білмегенбіз. Кішкентай балаларымз бар. Қазір қыстың өзінде маса бар. Ол антисанитария. Мына жерде тазалап бірдеңе ітсейін десек, бесполезно бірдеңе істеу. Потому что мына жер постоянно су».

Қараша айынан бері төбесін көрсетпеген жергілікті шенділерді арнайы шақырттық. Тұрғындар мен жауаптылар бір сөзге келісе алмай әлек. Жергілікті жұрт өздері осындағы аллеяның дұрыс салынбағанынан мәселе туындаған деп қызылкеңірдек болса, билік өкілдері себепті басқа жақтан іздейді.

28 үйдің күйін Нұрсәттегі 2-ші, және 10-шы көпқабатты үйлер де кешіп отыр. Тұрғындар жауын-шашынның бәрі алда екенін ескеріп, алдағы күндері үйімізді қалай сақтап қаламыз деп азар да безер. Бірақ мұның ретін өзіміз табамыз дейді шенділер.

Болат Рысқұлбеков, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Жұмысшы тобы барлық мәселені анықтап, нақты қабылданатын шешім бойынша ұсыныс береді бізге. Мына жерден қосымша труба тартамыз ба, ирригационный жүйеге артық суды ағызатын. Сол бойынша шара қабылдаймыз».

Жертөледегі судан жеткен «сый» әзірге бірінші және екінші қабаттардағы дуалдардың сырын кетіріп жатыр. Пайдалануға берілгеніне 7 жылдан енді асқан үйде енді қалай тұрамыз деп тұрғындар алаңдап жүр. Жұмаға қараған түнді де Нұрсәттіктер алаңдаумен өткізді. Өйткені таңсәріден басталған жаңбыр толасатар емес. Синотиктер де алдағы күндер нөсерлі болады деп болжап отыр. Бұл дегеніңіз жертөленің жыры әлі де жалғасады деген сөз.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=oxTbOaCvlEQ[/youtube]