Базардағы өрт қауіпсіздігі тексерілді

346
Айна базары өрт сөндірушылардың оң бағасын алды

 

Айна базары өрт сөндірушылардың оң бағасын алды
Айна базары өрт сөндірушылардың оң бағасын алды

Шымкент базарларында жаппай тексеру болып жатыр. Сауда орындарында өрт қауіпсіздік шаралары қаншалықты сақталған? Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері осыны анықтауға кірісті.

Олар бірінші кезекте арнайы көліктермен базар ішіндегі өрт гидрантарына кедергісіз жетуге бола ма деген сұраққа тәжірибе жүзінде жауап іздеп жатыр. Бір қызығы, бүгінгі жаттығу кезінде мамандар бәрі жақсы деп оң бағаларын берді. Бірақ өрт болған кезде оқиға орнына жету қиын деп бұған дейін талай рет айтқаны бар.

Базардағы тексеру жалғасады. Нәтежесінде көрсетілген кемшіліктер жойылуы тиіс. Олай болмаған жағдайда кәсіпкерге әкімшілік айып салынады. Тап осындай әрі тексеру, әрі жаттығуды өрт сөндіру қызыметкерлері өзге да базарларда өткізбек.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Y_oeA1ECXaA[/youtube]