Көлік және коммуникациялар вице-министрі Оңтүстікте қоғамдық тыңдау өткізді

288
көлік және коммуникациялар вице-министрі
көлік және коммуникациялар вице-министрі
көлік және коммуникациялар вице-министрі

Оңтүстікқазақстандықтардың жырына айналған Сарыағашқа барар республикалық маңызы бар жолдан бүгін еліміздің көлік және коммуникациялар вице-министрі Азат Бектұров жүріп өтті. Ой-шұңқырлар вице-министрді қуантпаса керек, «Өңірлік инфрақұрылымды дамыту-2020» мемлекеттік бағдарламасына арнап, аумақтық жиын өткізген ол, облыс ұсынған 117 млрд. теңгенің ұсынысын қарсылықсыз тыңдап, көмегін беруге, қаржыны бөлдіруге септігін тигізетіндігін жеткізді.

Яғни, оңтүстікте автовокзал, темір жол вокзалы, аэропорт, логистикалық орталық және жолдар жөндеуден өтіп қана қоймай, жаңалары бой көтеретін болады. Бірден емес әрине, біртіндеп. Егер жауапты министрлік керек деп тапса, санитарлық авиация да салынып, шағын қалаларды дамыту бағдарламасына кірген Кентаудың темір жол торабы қайта іске қосылады. Сондай-ақ, Шардара, Түркістан, Мақтарал аудандарында жергілікті аэропортта салынбақшы.

Шымкент-Ташкент тас жолы шұрық тесік
Шымкент-Ташкент тас жолы шұрық тесік

Болат Нәжимитдинұлы, облыс әкімінің орынбасары:»Бұл 117 млрд. теңгелік ұсыныстың барлығы бірден қолдауға ие болмайтынына көзіміз жетеді. Алайда біртіндеп, 2020 жылға елдің де әлеуеті көтеріліп ұсыныстар жүзеге асатынына сенімдіміз. Жиынның Сарыағашта өтуінің де өзіндік себебі бар. Мұнда Өзбекстанмен шекаралас жатқан Қапланбектегі жол тар. Соны кеңейтсек деген жоспар да бар. Мұндағы тағы бір мақсатымыз, ұсыныстарымыздың маңыздылығын көрсетіп, бізге көбірек көңіл бөлсе, біз жақтағы осы жолдарды дұрыстаса деген үлкен мәселе-ол бірінші. Екінші –транзиттік мәселе. Оның барлығы керек емес, егерде біз транзиттік потенциалды көтермесек. Істеп жатқанымыздың барлығы түкке пайдасы тимейді, егер инфрақұрылым, жол дұрыс болмаса».