Шабандоздарымыз 600 мың теңгеге ие болды

265

Шымкенттік шабандоздар Қазақстан чемпионатынан алтын медальмен оралды. Алты команда арасынан жерлестеріміз топты жарып, ақтық сында алаң қожайындарымен кездескен. Шынболат Айтуғановтың 4 салымының арқасында тараздықтардан да олар басым түскен.  Жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты биыл екінші рет өтуде. Өткен жылы да шымкенттіктер бас жүлдеге ие болған еді. Биыл да олардың қоржынында үш алтын, бір күміс және бір қола медаль салынды. 600 мыңдық жүлдені де оңтүстік құрамасы еншіледі.

 Шымкенттік жастар ел чемпионы атанды
Шымкенттік жастар ел чемпионы атанды

Биылғы маусымда шабандоздарымыз 8 ресми жарыста ептілігін сынға салатын болады. Олардың арасында ел басының кубогі үшін талас та бар. Ол дегеніміз оңтүстіктің жүлде қоры әлі де болса бір қатар медальдармен толыға түседі.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=5OYn7m1Ekk4[/youtube]