Шымкентте 269 аула жөндеуден өтеді

265
Жөндеу жұмыстары жауапкершілікпен атқарылса игі
Абай ауданынан қарасты Мангелдин көшесінің ауласы
Абай ауданынан қарасты Мангелдин көшесінің ауласы

Биыл Шымкентте 269 аула толықтай жөндеуден өтетін болды. Бұл жұмыстар кезінде орамішілік жолдар да тақтайдай тегістеледі. Бұл туралы қалалық әкімдік мамандары хабарлады. Жөндеу жұмыстары былтыр да жүргізілген, бірақ оның шапағатын көріп отырған халық жоқ. Өйткені аулалар көлік тұрағына айналып барады деп шағымданады тұрғындар. Ал кей жерлерде құрылыс талаптары ұмыт қалыпты.

Бір ғана Абай ауданында 180-ге тарта аула бар. Екі жыл бұрын мұнда жөндеу жұмыстары басталған болатын. Бірақ құрылысшылар талаптарды орындамаса да қабылдап жіберді дейді тұрғындар. Мәселен, Мангелдин көшесіндегі №36 үйдің ауласының бүгінгі сыйқынан – ақ мұны көруге болады.

Ақнұр Нарымбетова, Мангелдин көшесінің тұрғыны: «Жауын суы жер төлесіне жиналуда. Ал подъездге барар жолға қойылған бетонды бордюрдан колясканы өткізу ыңғайсыз».

Ольга Яковенко, Мангелдин көшесінің тұрғыны құрылыс барысында үйдің төмен орналасқанын ескермеген еңіс жасамаған, судың барлығы ағып, бізді әбден әбігерге түсіруде. 8 шағынауданындағы 14 үйдің тұрғындары аулаларының жаңаланғанына риза. Алайда оның шапағатын толық пайдалана алмай отырғандарына қынжылады.

Күләш Шәріпова, 8 шағынауданның тұрғыны: «Ауламызды  реттеп, балалар алаңшасын қойып, жолдарымызды асфальтегеніне алғысымыз шексіз. Бірақ сол алаңға балаларымызды ойнатуға еш мүмкіндік жоқ. Көлігі барлар ол жерді тұраққа айналдырған. Айта- айта шаршадық».

Жөндеу жұмыстары жауапкершілікпен атқарылса игі
Жөндеу жұмыстары жауапкершілікпен атқарылса игі

Бұл келеңсіздіктерден Абай ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілеш хабардар екен. Өйткені өзі қабылдау комиссиясының мүшесі.

 Нұрлан Тілеш, Абай ауданы әкімінің орынбасары: «Ол құрылыс қалдықтарын мердігерлерге жинатамыз. Ал көлік тұрағына қатысты тұрғындар да өздері кінәлі».

8 шағынауданындағы №54 үйдің ауласында тұрғындардың тілегі толық ескерілген. Көлік тұрағына да балалар алаңшасына да орын табылған. Биыл қалада 269 аула көріктендіріледі деп жоспарлануда. Былтыр 141 аула жаңаланған. «Күншығыс» шағынауданындағы аулада басталған құрылыстың барысын қала әкімдігі бақылауына алса, күрделіктер орын алмасына және бюджет қаржысының шығынсыз жұмсалатынын тұрғындар сенімді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ZhNUD6Ujao8[/youtube]