Балабақшадан тағы да бүлік шықты

356
"Қарлығаштан" шу шықты
"Қарлығаштан" шу шықты
«Қарлығаштан» шу шықты

«Жұмыстан заңсыз босатты. Күйеуім де жұмыссыз. Бала-шағамды осылар асырай ма екен менің? Бұл әрекетімен меңгеруші басқаларға қыр көрсетіп жатыр.» Түлкібас ауданындағы «Қарлығаш» бала бақшасының бұрынғы тәрбиешісі көзі жасқа толып осылай деп шағымданады. Аудандық сотқа арызданған ол сот шешімімен келіспейтіндігін айтады.

Нұргүл Масұпова «Қарлығаш» балабақшасында тәрбие көмекшісі болып қызмет атқарған. Бүгінде ол жұмыссыз. Өйткені бөбекжай меңгерушісі көп балалы ананы жуырда қызметінен босатыпты. Себебін әріптестері былай түсіндіреді: «Турасын айтып туғаныма жақпадым» демекші, шындықты айтам деп, қарсы сөйлегені үшін бұл кісіні жұмыстан шығарып отыр. Барлығы қорықсын деп те. Ол мақсатына жетіп те отыр. Барлығы қорқып, қудалап»- дейді балабақша қызметкері Ләззат Тәмпиева.

Десе де қорқа, қорқа батыр болған оннан астам тәрбиеші балабақша меңгерушісінің үстінен құзырлы органдарға өткен жылдың қараша айында шағым жазған. Нәтижесіз дейді олар. Тіпті Нұргүл Масұпова мені заңсыз жұмыстан босатты деп сотқа да арызданыпты. Алайда сот шешімі барлығы заң аясында жасалған дегенге саяды.

«Осы жердегі аудан әкімі Қайрат Абдуалиевті өз құзырына пайдаланып, барлық делоларды жапқызып өзі жеңіп шықты»-дейді сот шешімімен келіспеген Масұпованың өзі. Ал, бала бақша басшысы өзіне шағымданушы топ мүшелері, қызмет барысында жұмыс тәртібін өрескел бұзады дейді. Тіпті балаларды қараусыз қалдырып, бөбекжайдан шығып кеткен күндері де болған. Сол себептен ескерту жасап, қатаң сөгіс беріп жұмыстан шығардым дейді.

«Масұпованы бала тәрбиесіне әрмен қарай араласа алады деп ойламаймын. Ол заңсыз! Балабақша түгілі, мұндағы тәрбиеленушілерге дейін бұл дау кері әсерін тигізіп жатыр. Психологиялық қысым бұл. Мұның бәріне өздерінше топтанып алған 7-8 адам кінәлі».

Түлкібастағы «Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісі Күлшарипа Бердібаеваның берген жауабы осы. Педагогтардың текетіресінен бөбектер жапа шекпесе болғаны. Не десе де бұл дауға облыстық сот нүкте қояды деп үміттенеді екі тарап.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=jkVbcG9RuZI[/youtube]