Чапаевкадағы жарылыстан 2 адам зардап шекті

157
Тәртіп сақшылары оқиға орнын қоршап алған

Чапаевка елдімекеніндегі белгісіз заттың жарылуы салдарынан 65 жастағы кісі мен немересі зардап шекті. Олар қақпаның алдына қойылған жарылғыш затты аяқтарымен басып кетіпті. Екеуі де жарақат алғанына қарамастан егде кісі тәртіп сақшыларына өзі хабар береді. 12 жасар жеткіншек жарылыстың салдарынан жарақат алды. Оның денесін жарықшақ тіліп кеткен. Құдай сақтағанда аман қалды. Қазір ауруханада жатқан баланың жағдайы бірқалыпты. Оның өміріне тікелей төніп тұрған қауіп жоқ дейді дәрігерлер.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=kaZ4ZrI_VOU[/youtube]

Айта кету керек, бұл – Чапаевкада орын алған алғашқы төтенше жағдай емес. Бұған дейін де дәл осы елдімекенде бірнеше рет жарылыс болған. Дегенмен, тәртіп сақшылары бұл фактілердің бір-бірімен байланысы жоқ деп отыр. Әзірге анығы – жарылғыш зат қолдан жасалған. Қазір осы фактілердің барлығын анықтау үшін арнайы топ құрылды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Тәртіп сақшылары оқиға орнын қоршап алған
Тәртіп сақшылары оқиға орнын қоршап алған