Шымкент қаласының әкімі қызметінен кетпек болды

403
Қайрат Молдасейтов, қала әкімі
Қайрат Молдасейтов, қала әкімі
Қайрат Молдасейтов, қала әкімі

 

Шымкент қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетпек,- деп хабарлады ҚазТАГ . 46 жастағы Қайрат Молдасейітов 16 мамыр күні қала әкімі қызметінен босатуды сұрап, өз қалауымен өтініш жазған. Ол облыс орталығы болып табылатын Шымкент  қаласының әкімі лауазымына 2012 жылдың 24 сәуірінде тағайындалған болатын.

Оның алдында Түркістан қаласын басқарған. 2004-2009 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы «Кит Со» және «Отау строй» ЖШС басқара жүріп, облыстық мәслихаттың депутаты болған.

Ал облыс әкімінің баспасөз қызметі қала басшысының денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздығы бойынша демалысқа шыққанын айтты.