Шымкентте орыс драма театрының ғимараты салынып жатыр

274
жаңа ғимараттың құрылысы қарқынды
жаңа ғимараттың құрылысы қарқынды
жаңа ғимараттың құрылысы қарқынды

Шымкенттің жаңа әкімшілік ғимаратының орнында құрылыс жұмыстары қарқын алған. Бүгіннің өзінде екі қабатты Пушкин атындағы кітапхананың ғимараты тұрғызылып, әкімшілік орталықтың іргетасы құйылып үлгерген. Ал жаңадан бой көтеретін драм театрдың орнында жерді нығыздау жұмыстары жасалып жатыр. Учаскелік прорабтың айтуынша, барлық құрылыс жұмыстары кестегі, ең бастысы жобаға байланысты жүргізіліп жатыр.

жоба бойынша өзгеріс болмаған
жоба бойынша өзгеріс болмаған

Қанат Егеубаев, учаске бастығы: «Біз жұмысты өткен жылдың үшінші тоқсанында бастадық.  Арнайы кесе бойынша 2014 жылдың үшінші тоқсанында аяқтауымыз керек. Былтырдан бері орыс драма театырының жобасында ешқандай өзгеріс болған жоқ. Бұрын соңды мұндай қызықты әрі керемет жобаны көрген емеспін. Облыс басшысының өзі апта сайын келіп, жиын өткізіп, қадағалап тұрады. Сондай-ақ, қаржыландыру бойынша да ешқандай проблема жоқ».