Шымкенттегі Чапаевкада тағы да жарылыс болды

218
Тәртіп сақшылары оқиға орнын қоршап алған

Шымкенттегі Чапаевка елдімекенінде тағы да жарылыс орын алды. Бұл туралы полицейлердің кезекші бөліміне түс қайта сағат 4-тен асқанда тұрғындар хабарласқан. Айтуларынша, мұндағы үйлердің бірінің қақпасының алдына белгісіз жарылғыш зат қойылыпты. Сол жарылып кеткен. Оқиға орнына тездетіп полицейлер мен төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жиналды.

Тәртіп сақшылары оқиға орнын қоршап алған
Тәртіп сақшылары оқиға орнын қоршап алған

Бейресми деректерге қарағанда жарылыстан бір адам зардап шеккен. Ол аяғынан жарақат алып, жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнынан қан дақтары көрініп тұр.

Қан дақтары
Қан дақтары

Дегенмен, полицейлер бейнекамераға түсінік беруден бас тартты. Қазір оқиға орнында Еңбекші полиция бөлімінің криминалистері мен өзге де сарапшылар жұмыс істеп жатыр. Олар осы оқыс оқиғаның толық себеп-салдарын анықтайтын болады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=jvtruk8axT0[/youtube]