Қоғамға нағыз жеңгейлер жетіспейді

996
Бүгінгі қоғамға жеңгетайлар жетіспейді
Шымкентте театр апталығы «Жеңгетай» комедиялық спектаклімен аяқталды. Жеңгелердің қоғамдағы рөлін көрсететін қойылым облыстық Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрының тұщымды қойылымына айналған. Әдеттегідей көрермендер әртістер мен олардың әзілге толы образдарына тәнті болып қайтты.
Шымкентте театр апталығы «Жеңгетай» комедиялық спектаклімен аяқталды. Жеңгелердің қоғамдағы рөлін көрсететін қойылым облыстық Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрының тұщымды қойылымына айналған. Әдеттегідей көрермендер әртістер мен олардың әзілге толы образдарына тәнті болып қайтты
Жеңгелер қайынсіңілінің еркелігін көтеруі керек. Бірақ олардың теңін тауып, тұрмыс құруы да жеңгелер міндеті. Ерсайын Төлеубайдың еңбегінен көпшілік өмірдегі осы шынайы образдарды көріп отыр. Бір қызығы қойылымдағы күлімкөз жеңгетайдың рөлім сомдаған әртіс Ұлжалғас Сафаралиева сахнадағы рөл өзіне таныс екенін жасырмады.
Жеңгелер қайын сіңілінің еркелігін көтеруі керек. Бірақ олардың теңін тауып, тұрмыс құруы да жеңгелер міндеті. Ерсайын Төлеубайдың еңбегінен көпшілік өмірдегі осы шынайы образдарды көріп отыр. Бір қызығы қойылымдағы күлімкөз жеңгетайдың рөлім сомдаған әртіс Ұлжалғас Сафаралиева сахнадағы рөл өзіне таныс екенін жасырмады
Ұлжалғас Сафаралиева, театр әртісі: «Менің де қайынсіңлілерім бар. Енді біреуіне әрекет қылғам,  енді ол болған жоқ. Дегенмен қазір үшеуі де бақытты. Енді жақсы жерден жігіт көрсем менің қайынсіңілім бар. Сендерді таныстырамын деп айтып жүрем. Қазір де солай. Енді бұл жеңгетай болғанда, жаман нәрсе емес. Бұл «проста» бір жақсы қызды көрсең, саған бір жақсы жігіт кезігеді деп шын ниетімменен қызға өзімнің ойымды айтамын да. Жақсы жігіттер болса таныстырайын ба десем, ол қыздар күліп қояды. Олар да ойымды дұрыс түсінеді».
Ұлжалғас Сафаралиева, театр әртісі: «Менің де қайынсіңлілерім бар. Енді біреуіне әрекет қылғам, енді ол болған жоқ. Дегенмен қазір үшеуі де бақытты. Енді жақсы жерден жігіт көрсем менің қайынсіңілім бар. Сендерді таныстырамын деп айтып жүрем. Қазір де солай. Енді бұл жеңгетай болғанда, жаман нәрсе емес. Бұл «проста» бір жақсы қызды көрсең, саған бір жақсы жігіт кезігеді деп шын ниетімменен қызға өзімнің ойымды айтамын да. Жақсы жігіттер болса таныстырайын ба десем, ол қыздар күліп қояды. Олар да ойымды дұрыс түсінеді»
Толым апай оқу бітірп, диплом алғалы отырған  қыздарға тұрмысқа шығуларын талап етеді.
Толым апай оқу бітіріп, диплом алғалы отырған қыздарға тұрмысқа шығуларын талап етеді. Олардан құтылудың ең бір жолы осы деп ойлайды үй иесі
Қыздарға сөзі өтпеген соң, Күлімкөз жеңгетайды шақырады. Әбден еркінсіп, даңдайсыған арулар
Қыздарға сөзі өтпеген соң, Күлімкөз жеңгетайды шақырады. Әбден еркінсіп, даңдайсыған арулар үйді босатудан үзілді-кесілді бас тартады
Ал бұл сәтте театрдың есігі жабылмай, келушілердің қатары арта бастады. Себебі комедиялық қойылым былтырдан бері театр сахнасынан түспей келеді.
Ал бұл сәтте театрдың есігі жабылған жоқ, келушілердің қатары арта бастады. Айта кетейік, комедиялық қойылым былтырдан бері театр сахнасынан түспей келеді
Қойылым оқиғасында Толым апайдың пәтерін жалдаушы бойжеткендерге өмірлік серік іздеген жеңгетайдың әлегі баяндалады. Үй иесі  қыздарды тұрмысқа беріп, өзі де көрші ақсақалмен жарасып, бақытты өмір сүргісі келеді. Көпшілікті күлкіге қарқ қылған комедиялық туынды сахналау кезінде өзгеріске ұшырады дейді қоюшы-режиссер.
Қойылым оқиғасында Толым апайдың пәтерін жалдаушы бойжеткендерге өмірлік серік іздеген жеңгетайдың әлегі баяндалады. Үй иесі қыздарды тұрмысқа беріп, өзі де көрші ақсақалмен жарасып, бақытты өмір сүргісі келеді. Көпшілікті күлкіге қарқ қылған комедиялық туынды сахналау кезінде өзгеріске ұшырады дейді қоюшы-режиссер
Иманәлі Сапаров, қоюшы-режиссер: «Бірақ бұл жерде мен шоуға айналдырдым. Енді бұл  шартты ғой енді сахнадағы шешімдердің барлығы. Ол бір бөлменің іші ғана емес, бұл казино сияқты, ойын залы сияқты, өмірдің бәрлығы ойын секілді жаңағы қойылды. Анау ортадағы үстелдің өзін «Поле Чудестегідей» айналдырып жіберетін етіп жасадық. Қандай «удача түседі» дегендей барлығын ойластырдық»
Иманәлі Сапаров, қоюшы-режиссер: «Бірақ бұл жерде мен шоуға айналдырдым. Енді бұл шартты ғой енді сахнадағы шешімдердің барлығы. Ол бір бөлменің іші ғана емес, бұл казино сияқты, ойын залы сияқты, өмірдің бәрлығы ойын секілді жаңағы қойылды. Анау ортадағы үстелдің өзін «Поле Чудестегідей» айналдырып жіберетін етіп жасадық. Қандай «удача түседі» дегендей барлығын ойластырдық»
«Отырған қыз орнын табады». Бұл мәтелдің бүгінгі заманға қатысы жоқ дейді қойылым көрермендері. Шындықты күлкімен астарлап бейнелеген салмақты спектакльдер қоғама ауадай қажет дейді олар.
«Отырған қыз орнын табады». Бұл мәтелдің бүгінгі заманға қатысы жоқ дейді қойылым көрермендері. Шындықты күлкімен астарлап бейнелеген салмақты спектакльдер қоғама ауадай қажет дейді олар
Алтынғали Амантаев, көрермен: «Мұндай қойылым бізге ауадай қажет. Себебі жеңгелер жұмыс жасауын ұмытып қалған. Соның себебінен отырған қыздар мен көшедегі қыздардың саны көбейеді. Айтар едім, қайынсіңлілер үшін жақсыны да, жаманды да жасайтын жеңгелер деп».
Алтынғали Амантаев, көрермен: «Мұндай қойылым бізге ауадай қажет. Себебі жеңгелер жұмыс жасауын ұмытып қалған. Соның себебінен отырған қыздар мен көшедегі қыздардың саны көбейеді. Айтар едім, қайынсіңлілер үшін жақсыны да, жаманды да жасайтын жеңгелер деп»
Қойылым желісі бойынша жеңгетай мінез-қылығы төрт түрлі бойжеткендермен төрт түрлі мерілерді таныстырып, тезірек тұрмысқа беріп құтылуға тырысу айласы бойынша өрбиді.
Қойылым желісі бойынша жеңгетайдың мінез-қылығы төрт түрлі бойжеткендермен төрт түрлі серілерді таныстырып, тезірек тұрмысқа беріп құтылуға тырысу айласы бойынша өрбиді
Қыздар айласын асырған жеңгейдің сөзіне құлақ асып, оның айтқан уәждерін орындайды.
Қыздар айласын асырған жеңгейдің сөзіне құлақ асып, оның айтқан уәждерін орындайды. Алғашында реніш білдірген арулар, соңында ана атану керектігін ұғады

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=VoTNb06Ih00[/youtube]