Баспана кезегінде 407 жетім жасөспірім тұр

348
Жоспар бойынша пәтер биылғы жылдың желтоқсанында пайдалануға берілуі тиіс

 

Жоспар бойынша пәтер биылғы жылдың желтоқсанында пайдалануға берілуі тиіс
Жоспар бойынша пәтер биылғы жылдың желтоқсанында пайдалануға берілуі тиіс

Жетім балаларды баспаналы ету соңғы кезде көп көтерілетін мәселелердің бірі болды. Себебі, жасөспірімдер үйінен шықан 23 жастағы азаматтар қайда барарын білмей дал болады. Осыны алға тартқан қалалық мәслихаттың депутатары бюджеттен қаражат бөліп, жетімдерге баспана салайық деген. Шымкент қаласы бюджетінің орындалуын талқылаған халық қалаулылары осы мәселеге қайта оралды.

Жасөспірімдер үйін паналап келген жастар тұрақ жайын тастап кетуге мәжбүр. 27 бала жоғары оқу орнын бітіргенімен барар жері жоқ. 10 жылдан бері 37 бала ғана мемлекеттің қамқорлығын көрген.

Жасөспірімдер үйін 4 жылдан бері пана еткен Тұрсынай оқу орнын тәмамдап, үлкен өмірге аяқ басқалы отыр. Бірақ тұрақты тұрағының түйіні шешілмей тұр. Ал баспана кезегі жақында тимесі анық.

«Жол картасы 2020» бағдарламасына 18 бен 23 аралығындағы балалар ғана кіреді. Ал кезекте тұрған 122 жетім балалардың жетеуі ғана баспаналы болуға құқылы.

Міне, осы мәселелердің жиі көтерілуіне байланысты облыс әкімінің тапсырмасымен 9 қабатты 72 пәтерлік екі үйдің құрылысы басталған болатын. Жоспар бойынша пәтер биылғы жылдың желтоқсанында пайдалануға берілуі тиіс. Бірақ құрылыс толығымен қаржыландырылмай отыр.

Баспана кезегі мұнымен таусылмайды. Кезекте 407 жетім жасөспірім тұр. Олардың жайы әлі де болса күрделі.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Tgh5b6UdlHw[/youtube]