Көліктер ауаны ластап жатыр

1800
көліктер ауаны ластап жатыр

Облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаевтың төрағалығымен автокөлік шығарындыларының зиянды әсерін төмендету бойынша мәжіліс өтті. Мәжіліске тиісті құзырлы органдардың басшылары мен мамандары қатысты. Жылдан-жылға автокөлік санының өсуі, олардың пайдаланатын жанар-жағар майының төмен сапасы атмосфераға бөлінетін зиянды зат көлемінің артуына әкеп соқтыруда.

көліктер ауаны ластап жатыр
көліктер ауаны ластап жатыр

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облыс бойынша 2003 жылы әрбір жүз адамның төртеуінің меншігінде автокөлік болса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 14 адамға дейін көтеріліп отыр. Бұл бір жағынан халықтың әл-ауқатының артқанын көрсетсе, екінші жағынан көліктің көбеюі ауаның ластануына да елеулі әсерін тигізуде.

Сонымен қатар, көліктер саны жыл сайын қарқынды өсуде, 2012 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша облыс аумағында 367 437 жеңіл автокөлік тіркелген болса, ағымдағы жылдың осы кезеңінде тіркелген автокөлік саны 394 288 болып көбейген, яғни 6,8 пайызға өскен. Оған қоса, соңғы мәліметтерге сәйкес пайдаланыстағы көліктердің негізгі бөлігі 10-15 жыл бұрын шығарылған көліктер.

Сондықтан,  мәжіліс аясында автокөлік шығарындыларын төмендету бойынша ауқымды жұмыстар атқаруға бағытталған іс-шаралар жоспарын талқылап, бірлесе жұмыс жүргізуді ұсынамын деді- ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы М.Отаршиев.

ауа ластанып жатыр
ауа ластанып жатыр

Іс-шара жоспарында негізгі жұмыстар ретінде автокөлік құралдары шығарындыларына өлшеулер жүргізу, жанар-жағар май құю бекеттерінде сатылатын мұнай өнімдерінің сапасын қадағалау, қаладағы қоғамдық көліктерді газ отынын пайдалануға ауыстыру және шығарындылардың зиянды әсерін төмендету.

Мәжілісте бірқатар ұсыныстар талқыға салынды. Жанар-жағар май сапасын тексеруді рейдтік түрде табиғат қорғау прокуратурасының қатысуымен жүргізу, автокөлік құралдары шығарындыларының уыттық нормаларына бақылау жасау кезінде экология департаменті мамандарының қатысуын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.Сонымен қатар қоғамдық көліктердің қаншасы газбен жүруге ауыстырылатыны жөнінде ақпарат алмасудың бір мерзімін белгілеу мәселелері сөз етілді. Осы айтылған іс-шараларды орындау бойынша ақпаратты ұсынатын мамандар бекітілді.