Сарыағаш өнер фестивалін жалғастырды

819
Сарыағаштың өнерпаздары қазақ өнерінің қазынасы - айтысты да келісті көрсете білді

«Мәдениетім-мерейім» өнер фестивалін Сарыағаш ауданы жалғастырды.Шымкенттегі «Шәмші әлемі» гүлзарында өрбіген мәдени шараға аудан өнерпаздары түрлі жанр бойынша үлкен дайындықпен келіпті.

Сарыағаштың өнерпаздары қазақ өнерінің қазынасы - айтысты да келісті көрсете білді
Сарыағаштың өнерпаздары қазақ өнерінің қазынасы – айтысты да келісті көрсете білді

Қазақтың ұлттық төл өнеріне сыр шертетін қол-өнер шеберлерінің көрмесі кештің шымылдығын ашты. Көздің жауын алатын моншақтардан жасалған шағын мүсіндерді айтпағанның өзінде, былғарымен дайындалған жапсырма жұмыстары да да бар. Тазы иттер де көрменің сәнін кіргізді. Ұйымдастырушылар, жеті қазынаның бірін арнайы әкелдік дейді.

Адам қорғаушысы, досы
Адам қорғаушысы, досы  – тазы иттер де көрменің сәнін кіргізді

Орынкүл Құрбанмұрат, шебер: «Былғарыдан жасалған «картиналарды» мысалы жерлестеріміз Қытайдан алып келеді. Қымбат бағамен сатады сөйтіп. Ал мына дүниелерді өзіміз қолдан жасағанбыз, былғары күртешелер алып, оларды  арнайы бояуымен бояп, өзіміз  құрастырдық. Мысалы, мынау зат сағаттың сырты еді, ішіндегі сағаты бұзылғасын ішіне осы былғарыдан гүлдер жасап істедік».

Былғарыны илеу арқылы жасалған қолөнерлер
Былғарыны илеу арқылы жасалған қолөнерлер

Көнцертаясында бірі мың бұрала би билесе, екіншісі өткен ғасырдағы сал-серілердің жырларын оқыды. Олардың өнерін қазылар алқасы бағалайтын болады. Дегенмен, аудандағы мәдениет бөлімінің тізгінін ұстағандар өнерпаздарының алдыңғы қатардан көрінетініне сеніп отыр.

Әбіләзім Жаншуақов, Сарыағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы: «Халықтың көңіл күйі жақсы деп ойлаймыз. Біз енді айтылған жанрлардың барлығын қамтыдық. Және де бір айта кететін нәрсе әнді тірі дауыспен айтамыз. 100 пайыз жанды дауыста айтамыз. «Фонограмма» деген жоқ. «Фонограммамен» екінің бірі айта береді ғой. Жанды дауыспен ән айту деген өте қиын. Бұл «Мәдениетім – мерейімге» біз 1 айдың төңірегінде өзім бастап, мамандарымызбен отырып, сол үлкен дайындықпен келдік».

Сарыағаштың өнер ұжымы шымкенттіктердің ыстық ықыласына бөленді.

[youtube]http://youtu.be/lcbMxkgUb2w[/youtube]