Түнгі Шымкенттің көшелерінде мастар көп (бейнекадрлар)

232
Мына екі бойжеткен естерін жоғалтқанша ішкен

Түн ішінде Шымкенттің көшелерінде мастар көбейеді. Бұған кешке қарай жүргізілген тәртіп сақшыларының рейді барысында тағы бір рет көз жеткіздік. Тексерудің алғашқы минутынан-ақ бірнеше мас тұрғын кездесті.

Мына еркек пен әйел көшенің бойында арақ ішіп отыр
Мына еркек пен әйел көшенің бойында арақ ішіп отыр

Солардың бірі – мына ер кісі мен азаматша. Олардың ешкімнен қымсынбастан, жолдың шетіндегі сәкіде спирттік ішімдік ішіп отыр. Тәртіп сақшыларының сұрағына ер кісі «көптен бері араздасып жүрген әйеліммен бүгін ғана татуластым» деп жауап берді.

Мына жолаушы тәртіп сақшыларын балағаттаған
Мына жолаушы тәртіп сақшыларын балағаттаған

Ал мына жігіт көліктің ішінде отырып алып, қасынан өтіп бара жатқан полицейлерді балағаттаған. Тәртіп сақшылары көлікті дереу тоқтатып, жүргізушінің қасында отырған азаматтың құжатын сұрады. Дегенмен, ол жеке бас куәлігіні бірден бермегенімен қоймай, полицейлердің нұсқауына құлақ аспай, біраз шу шығарды. Дегенмен, соңында ішіп алған кісіні полицейлер сот сараптамасына алып кетті.

Мына екі бойжеткен естерін жоғалтқанша ішкен
Мына екі бойжеткен естерін жоғалтқанша ішкен

Рейдтің соңына қарай полицейлердің назарына көшенің шетінде отырған мына екі қыз ілігеді. Тексеру кезінде олардың қатты мас екенін бірден білінді. Құжаттары жоқ. Өздері аты-жөндерін, қайдан келгендерін сұрамақ болған тәртіп сақшыларын балағаттап тастады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=MPQuz5t8eH0[/youtube]

Ақыр соңында бойжеткендердің саусақ іздерін алу үшін тәртіп сақшылары оларды полиция бөліміне алып кетті.