Түркістандағы Бірлік ауылының тұрғындары көшеге шықпайды

Бұл ауданның балалары көшеге шықпайды. Себебі, есік алдындағы жәй ғана жол емес. Бақандай "Батыс Қытай-Батыс Еуропа" автодәлізі.
Бұл ауданның балалары көшеге шықпайды. Себебі, есік алдындағы жәй ғана жол емес. Бақандай "Батыс Қытай-Батыс Еуропа" автодәлізі.
Бұл ауданның балалары көшеге шықпайды. Себебі, есік алдындағы жәй ғана жол емес. Бақандай «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автодәлізі.

Түркістан қаласындағы «Бірлік» деп аталатын аудан тұрғындары «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жолының үйлеріне жақын түскендігіне наразы. Құрылыс кезінде жұмысқа жұмылдырылған ауыр техниканың арлы-берлі жүрісінен үйлердің қабырғалары жарылып кетіпті. Бұл ауданның балалары көшеге шықпайды, себебі, дәл үй алдында мыңдаған көлік жүйткіп жүріп жатыр, жұрттың жүйкесін тоздырғаны да осы. Құрылыс жұмыстары салдарынан баспаналары бүлінген «Бірліктікер» үйлерін жөндеу үшін жергілікті биліктен өтемақы талап етуде.

Бұл ауданның балалары көшеге шықпайды. Себебі, есік алдындағы жәй ғана жол емес. Бақандай «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автодәлізі. Үйдің іргесінен гүрілдеп жүк көлігі өткенде, шықпа жаным шықпаның күйін кешеді Бірліктегі 20 шақты отбасы. Халықаралық жол осы маңнан өтеді дегенде, рас қуанған. Бірақ, құрылыс басталып, техника тартылғанда Бірліктен тірлік кетеді.

Мәдина Бабажанова, «Бірлік» ауылының тұрғыны: «2-3 жылда құлайды мына үй, жарылып кетті. бұл үйде тұруға болмайтын болып отыр. сносқа алсын, үй мен жолдың арасы 2-3 метр, по пректу 17 болу керек».

Кәсіпкер Бауыржан Әбубәкір де осы аймақтан жер сатып алғанда жол бойынан дүкен ашамын деп бөркін аспанға атып еді. Енді оның орнын тек өкініш басқан. Жоспар бойынша, оның жер телімінің үстіне жол түсетін болып, сол үшін оған мемлекеттен 37 млн. теңге берілу керек болатын. Тек, төрт жылдан асты, жүзеге асырмақ тірлігі тоқтап тұр, ақша да алмады.

Бауыржан Әбубәкір, Түркістан қаласының тұрғыны: «Менің дүкенімде не ақша жоқ, не жұмыс жоқ. Сатып алмаймыз дейді. Құжаттандырып, заңдастырып беруден бас тартып отыр. Мен не істейтінімді түсінбей қалдым».

«Бірліктіктердің» басына түскен жағдайды жол құрылысына жауапты мекеме жақсы біледі.. Тек, «Бірліктегі» бүлінген үйлерге сараптама жасау қажет. Оған қазір еш мекеме кіріспей отыр.

Арман Қайырбеков, автомобиль жолдары комитетінің ОҚО бойынша департамент директоры: «Кеше сөйлестік біоліктің адамдарымен оларда іздейді, біз де іздейміз. Тапқаннан кейін зерттеу-бағалау жұмыстарын өткізіп, сомасын шығарады компенсацияның, сол төленіп, біз сосын жолды оңға алып, айналып кетеміз».

Енді Бірліктіктер сараптама жасайтын мекемені іздеп әлек. Ал, Бауыржан Әбубәкір кезінде келісілген қаржыға қол жеткізе алмайтын секілді. Себебі, алғашқы жоспар өзгеріп, жол кәсіпкердің жер телімін айналып өтетін болыпты.

Дерек көзі: http://kaz.trk.kz/