Қарызын қайтармағанымен қоймай, кісі өлтірді

285
Сезікті азамат тергеу барысында оқиғаның қалай болғанын айтып беруде

Қарызын қайтармай, кісі қанын ағызды! Түркістанда біреуге берешек боп қалған жергілікті тұрғынның ұлы қарызын сұраған кісіні атып салған. Салдарынан ақшасын алуға келген азамат ажал құшты. Қазіргі таңда басты күдікті ұсталып, тергеу абақтысына қамалды.

Күдікті азамат тұтқындалды
Күдікті азамат тұтқындалды

Бұл ауыр қылмысты жасаған деген күдікпен жергілікті 22 жастағы жігіт тұтқындалды. Ол әкесіне ақша қарыз берген кісіні өлтіріп салған. Өзі бұл әрекетін мойындап та отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=DFPRcfOJP0w[/youtube]

Тергеу барысында 22 жастағы жігіт таяуда ғана болған қанды оқиғаны толық суреттеп берді. Оның сөздерінен анық болғандай, күдікті өзінің әрекетіне мұқият дайындалыпты.

Сезікті азамат тергеу барысында оқиғаның қалай болғанын айтып беруде
Сезікті азамат тергеу барысында оқиғаның қалай болғанын айтып беруде

Күдіктінің айтуынша, оны қылмысқа итермелеген марқұм әрекеттері көрінеді. Қарызын сұрап бұған дейін де келген ол жанұясына қоқан-лоққы жасап кетеді екен. Оның сөзінің рас-өтірігін енді полицейлер анықтайды. Қазір тергеу амалдары жалғасуда.