«Ақсақ Нұржанның» қолына кісен салынды (бейнекадр)

626
Басты күдіктінің қолға түскен сәті

Күнгейдің қылмыс әлеміндегі тағы бір «серке» қолға түсті. Криминалды ортада «Ақсақ Нұржан» лақап атымен танымал Нұржан Махамбетов есімді жігіт Отырар мен Түркістан аудандарын «бақылаушы» болған. 36 жастағы азаматты ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Кентау мен Байырқұм арасындағы тасжолдың үстінде қолға түсірді.

Басты күдіктінің қолға түскен сәті
Басты күдіктінің қолға түскен сәті

Бұл операцияның облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері және «Бүркіт» арнайы жасағының сарбаздары бірлесіп жүргізген. Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде Кентау-Байырқұм тасжолында «БМВ» маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру жүргізілген.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы

 

«Көлікті тексеру барысында орындықтың астынан, – дейді департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова – шолақ мылтық табылды. Ал қолға түскен сезіктіні жедел тергеу кезінде оның ұйымдасқан қылмстық топтың белсенді мүшесі екені анықтадық.»

 

Сонымен, ұсталған азамат қылмыстық ортада «Ақсақ Нұржан» лақап атымен танымал Нұржан Махмұтов болып шықты. Полицейлердің мәліметінше, ол негізінен мал ұрлығымен айналысатын азамтатарды бақылауында ұстап келген. Қымыс әлеміндегі бірқатар мәселелерді өз еркімен шешіп келген жігіт көліктен шыққан қаруды «тауып алдым» дегенінен танбады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ZgGQdkmDouQ[/youtube]

Көліктен табылған шолақ мылтық
Көліктен табылған шолақ мылтық

Тіркеуде жоқ шолақ мылтықты заңсыз алып үшін күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір ол қамауда жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

"Ақсақ Нұржан" лақап атымен белгілі күдікті
«Ақсақ Нұржан» лақап атымен белгілі күдікті