Балалар ойыншықтары қауіп тудырып жатыр

1419
ойыншықтар

Қазақстан нарығында жүрген балалар ойыншықтарының көбі денсаулыққа қауіпті. Мұндай жәйтті Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігіне қарасты техникалық реттеу және метрология комитетінің мамандары жайып салды. Дүкен сөрелеріндегі ойыншықтардың 70 пайызы бүлдіршіндерге қауіп туғызатынын дәлелдеген.

Шымкентте ойыншықтар
Шымкентте тексерілмей саудаға шығарылған ойыншықтар саудасы қызып тұр

Шаршы үйлер, түрлі доңғалақты автокөліктер, билейтін қуыршақтар. Мұндай әмбебап ойыншықтардың барлығы кішкентай Бихруздың көңілін аулайды. Жас ана Диана Абдуллаева 2 жасар баласының денсаулығына да сақ. Сондықтан әрбір ойыншықты сатып аларда өздігінше тексеруді ұмытпайды.
Диана Абдуллаева, жас ана: «Біз баламызға ойыншық әперген кезде көбіне аптекалардан аламыз. Болмаса арнайы балаларға ойыншықтар сататын жерлерден аламыз. Базардан ойыншықтар алғанда исіне қарап, цветін көріп аламыз. Өзімізше тексереміз, зияны бар ма, жоқ па деп. Базарға барған кезімізде сатушымен ақылдасамыз, қай фирмадан келгенін, солармен ақылдасып аламыз».
 

Сатылымға шығарылған ойыншықтар
Сатылымға шығарылған ойыншықтар

Бірақ ата-ананың бұл сенімі ақталмай отыр. Қазақстанға жеткізілген ойыншықтардың 70 пайызы бүлдіршіндерге қауіпті. Аллергиялық ауруларды былай қойғанда, психикалық дертке әкеледі. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігіне қарасты техникалық реттеу және метрология комитетінің мамандары мұны дәлелдегенімен, шарасыздық танытып отыр. Себебі әлі күнге жоспарлы тексеру орындалмаған.

Раушан Қасымқұлова:»Жоспарлы тексеру барысы былтырғы жылмен биылғы жылы бізде жүргізілген жоқ. Себебі бізде қазіргі таңда біздің санитарлық-эпидемиологиялық қағидаларымыз ҚР Үкіметімен бекітіліп, басылымға шығарылмағандықтан, жоспарлы түрде тексеру жұмыстары жүргізілген жоқ. Ата-аналарға берер кеңесім, ойыншық таңдар кезде негізі ойыншықтардың түріне, түсіне, сонымен қатар моркировкасына және де дүкеннен сатып алып жатқан кезде оның сапасын растайтын құжаттарды талап етуі тиіс».

Ойыншықтар
ОҚО-да 2 жылдан бері ойыншықтар сапасы тексерілмеген

Тексерілмей саудаға шығарылған ойыншықтар сөреде ұзақ жатпайды екен. Олардың тұтынушылары тез табылып жатыр. Бірақ сапасына қатысты құжатты сұрап жатқан ешкім жоқ.

Дәмен Оразбаева, сатушы: «Жоқ, бізден сапасын растайтын сертификатты ешкім сұрамайды. Ойыншықтарды қытайдан әкеледі, әр жақтан әкеледі».

ҚР Үкіметі тарапынан санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен ережелер бектілмегендіктен, сапасы күмәнді ойыншықтардың саудасы қызу жүріп жатыр.