Облыстық маңызы бар жол оңалар емес

457
Жүргізушілерге амал жоқ, айналма жол іздеуге тура келеді
Жүргізушілерге амал жоқ, айналма жол іздеуге тура келеді

Төле би ауданына барар мына жолдың жабулы тұрғанына бір айдан асып кеткен. Жөндеуге жабылды деген аты ғана, бұл жерден жұмыс істеп жатқан жанды көрмейсіз. Ал жөнделуге жабылғаны туралы хабар беретін белгілерді жол үстінеде жүйткіп келе жатып тіпті байқамай да қаласыз. Ентелеп келген көліктер қайта бұрылуға мәжбүр. Бұл жүргізуші қауымды жабырқатып қойған жартыкеш жолдардың бірі ғана. Көлік иелерінің айтуына қарағанда Арыс, Шәуілдір, Сарыағаш, Қазығұрт аудандарына қатынайтын облыстық маңызы бар жолдардың да жайы осылай. Жүргізушілер «бұдан да әжетке жарап тұрған ескі жолымыз дұрыс еді. Ауданға апарар жол таппай абдырып қалдық» дейді.

Жол төсеушілер жүргізушілерді түсіністікке шақырды
Жол төсеушілер жүргізушілерді түсіністікке шақырды

Көлік саны көбейген сайын жол жүру ережелері де қатаңданып келеді. Бұл айыппұлдың артуына себеп факторлар. Бір ғана мысал, қауіпсіздік белдігін байқаусызда тақпай қалсаңыз, қалтаңыздан 5800 теңгеңізді қағып алады. Алайда,ережелерді ескеріп, етек-жеңдерін жинап жатқан жүргізуші шамалы. Мұны жыл өткен сайын айыппұл түсімінің артып келе жатқанынан-ақ байқауға болады.
ОҚО жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Арман Әбділдабековтің сөзіне жыл басынан бері бюджетке түсуге тиісті айыппұлдардың 70 пайызы өндірілген.
Салық түсімі де жаман емес. Салықшылар жол-жолда рейдтік шаралар өткізсе де үйді-үйді аралап, табаннан тозса да көліктің айыппұлын әйтеуір өндіріп алады.

"Жол белгілерін көрнекілеу етіп қойса дұрыс болар еді",- дейді жүргізушілер
«Жол белгілерін көрнекілеу етіп қойса дұрыс болар еді»,- дейді жүргізушілер

Айыппұл мен салықтан түсіп жатқан қомақты қаражат ел қазынасын қампайтып отыр. Ал жолдың жыры әлі біткен жоқ. Облыстық көлік және коммуникациялар басқармасының мамандары жүргізушілер қауымын түсіністікке шақырып әлек. Келер жылдан бастап көлік салығы тағы да көбеюі мүмкін.

Қозғалтқыш көлемі 3-4 литрді құрайтын жеңіл автокөліктерге салық мөлшерлемесін көтеруді сала мамандары қисынды деп тауып отыр. Алайда, жергілікті құзырлы мекемелерге бұл туралы ресми хабарламалар әлі түсе қоймапты.

Қалай дегенмен де жол азабын тартып жүрген жүргізуші қауымға бұл ақпарат аса жаға қоймасы анық. Көлік салығы көбейіп, айыппұл мөлшері артып отырса ба облыстық маңызы бар жолдар оңалар емес.Жылдар бойы жөнделіп бітпейтін жолдар жүргізушілерді әбден мезі етті. Келер жылдан бастап көлік салығы көбеюі мүмкін деген ақпар да қара жолда жүйіткіген ағайынды абдыртып қойды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=z2LThsKg9G4[/youtube]