Шымкентке Volvo FH жаңа тасымал жүккөлігі жеткізілді

261
Volvo

Шымкентте жаңа автокөліктің тұсау кесер рәсімі өтті. «Вольво FH» ауыр жүккөлігі қауіпсіз әрі жанға жайлылығымен ерекшеленеді. Әлемдік сауда бәсекесінде көшбасшы танылған шведтік «Вольво» компаниясының өнімін бағалауға Шымкенттің танымал фирма өкілдері арнайы шақырылған. Иосиф Гуцу 30 жылдан бері жүк тасымалдайтын көлікті басқарып келеді. Сондықтан ол мұндай кабинаға тәнті болғанын жасырмады.

 Volvo
Volvo FH тасымал жүккөлігі

Иосиф Гуцу, жүргізуші: «Ыңғайлы, жайлы, қолайлы. Менің де «Вольво» көлігім болған. Бірақ дәл мына көлікпен салыстыруға келмейді. Заманауи басқару жүйесі, арқа жастығы кең және орындығы да ыңғайлы, маған өте ұнады».

«Вольво» компаниясының жылдар бойғы еңбегі көптеген сынақтардан өткен. Өндірушілер жүк тасымалдаушы көлікпен алыс жолдарға емін-еркін жол жүруге болатынын айтып отыр. Бұған қоса құрылыс жұмыстарына да таптырмайтын көмекші.

Данияр Ісмұратов, «Volvo» ауыр жүккөліктердерің сатылымы бойынша өңіраралық директоры: «Автокөліктің жүйесі жаңа технологиямен жасалған. Мұндағы жылдамдық пен басқару автоматты түрде орындалады. Жол жүру бағытыңды да көре аласың. Компания ыңғайлылық және сапасы мен бағасына жіті назар аударған. Жаңа қозғалыс пайда болды және евро-6 үлгісіне сәйкестендірілген. Оның түр-тұрпаты мүлдем жаңаланған, нағыз ерлерге арналған».

Volvo FH
Volvo FH Шымкентте

Айтпақшы, жуырда жаңа «Volvo FH» жоғары деңгейдегі үлгісі үшін халықаралық сыйлықтың иегері атанды. Байқауда дүние жүзі бойынша мыңдаған ауыр жүк көліктердің жаңа үлгілері ұсынылғанымен, «Вольвоның» өнімі лайық деп танылған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=tUQHn_lrLkk[/youtube]