Шымкенттегі Чапаевкада тағы да жарылыс

175
Фото "Отырардың" мұрағатынан алынды

Шымкентте тағы да жарылыс! Кезекті жарылыс шаһардың ең криминогендік ауданы – «Чапаевка» елдімекенінде орын алып отыр. Құдай сақтағанда бұл оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Фото "Отырардың" мұрағатынан алынды
Фото «Отырардың» мұрағатынан алынды

Айта кетейік, бұл жарылыс  – осы ауданда соңғы екі жылда болып отырған 4-ші оқиға. Бұл ресми дерек. Ал шын мәніндегі жарылыс бұдан әлдеқайда көп дейді жергілікті тұрғындар.

Полицейлердің мәліметінше, жарылғыш зат болжам бойынша қақпаның тартқышына орнатылып, жұрт шырт ұйқыда жатқан таңғы сағат 4 жарымдар шамасында жарылған. Оның күші сонша – қақпаның қалың темірін майыстырып жіберген. Қазір тәртіп сақшылары осы фактіні тексеріп жатыр.