Төлебиде талай тірлік табандап тұр

348
Облыс әкімі А.Мырхахметовтің халықпен кездесуі жаңадан салынып аурухананың құрылысымен де танысты
 Облыс әкімі А.Мырхахметовтің халықпен кездесуі жаңадан салынып аурухананың құрылысымен де танысты
Облыс әкімі А.Мырхахметов жаңадан салынып аурухананың құрылысымен де танысты

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің бірінші жарты жылдықты қорытындылау мақсатындағы іс сапары Төле би ауданынан басталды. Мұнда тындырылар тірлік көп. Ауданда ауылшаруашылығы ақсап, құрылыс саласы қарқын ала алмай тұр. Сондай-ақ, жол, ауызсу мәселелері де жергілікті жұртты әбігерге салып қойған.
Топырағы – құнарлы, шөбі шүйгін Төле би ауданы ауылшаруашылығын түлетуде таптырмайтын мекен. Өкінішке қарай, табиғаттың осынау тартуы тиімді пайданылмауда. Жергілікті жұрт жылыжайды да жарытпай, малшаруашылығын дамытуға бағытталған «Сыбаға» бағдарламасынан да құралақан қалыпты. ОҚО әкімінің орынбасары Берік Оспановтың мәліметінше аудан басшылығы бағдарламаны небәрі 20 пайызға ғана орындаған. Сондай-ақ ауданның құрылыс саласына да қан жүрмей тұр. Осыдан 3 жыл бұрын қолға алынған Леңгір қаласындағы ауызсу нысаны құрылысының қазіргі қарқыны нашар.

Аудан әкімі нысан жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі деп сендірді
Аудан әкімі нысан жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі деп сендірді

Мердігер компанияның салғырттығынан нысанды пайдалану мерзімі кешеуілдеуі мүмкін. Сондай-ақ, ауданда мектептердегі құрылыс жұмыстары да көңілден шықпайды. Аудан әкімі мұны мемлекеттік сатып алу конкурсының кеш өткізілгенімен байластырғысы келген. Алайда, құрылыс басқармасының бастығы Тұрғымбековтің айтқандарын жоққа шығарды. Облыстық құрылыс басқармасының бастығы Еркебұлан Дауылбаевтың айтуынша, тендерге конкурс өз уақытында былтырғы жылы өткен. Облыс әкімі сапар барысында «Самал» мөлтекауданының инжинерлік -коммуникация жүйесімен де танысты. Мұнда да жүйесіз жұмыс.

Облыс әкімі бірнеше нысанды аралап көрді
Облыс әкімі бірнеше нысанды аралап көрді

Мердігер компания құрылыс басталмай жатып, ауданға кіретін жолды тақтай тептегіс етіп асфальттап тастаған. Құрылыс басталысымен-ақ ауыр жүк көліктері әрлі-берлі жүріп, жолдың уақытынан бұрын тозып кетуі мүмкін. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов бұл ретте жобалау жұмыстарының үйлестірілмегенін сынға алды.
Төле бидің тыныс-тыршілігі осындай. Бейқам жатқан жайы жоқ. Қыбыр-жыбыр тіршілік. Алайда, қайсыбір шаруалардың қиюы қашып, табандап тұрған жайы бар. Енді солардың бір парасы сараланып, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму картасына енгізілетін болады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=sttFL1yNEPw[/youtube]