Еден жуудан бас тартқан сарбаз 5 тәулікке қамалды

798
сурет "http://kz.otyrar.kz/"сайтының мұрағатынан алынды

5 тәулікке қамалған қатардағы жауынгер  қаламыздағы 6698 әскери бөлімінің сарбазы. Осыдан сегіз ай бұрын Отан алдындағы борышын өтеуге Қарағандыдан келіпті.

сурет "http://kz.otyrar.kz/"сайтының мұрағатынан алынды
сурет «http://kz.otyrar.kz/»сайтының мұрағатынан алынды

Командирдің бұйрығын орындаудан бас тартқан қатардағы жауынгер, соттан да қатаң жазаламауды өтініпті. Айбын мойындап, кешірім де сұраған. Ал әскери прокуратура бұл істе даурығудың қажеті шамалы дейді. Өйткені бұл мамандандырылған әкімшілік сотта қаралған бірінші әкімшілік іс емес. Жыл басынан бері облыс аумағындағы әскери бөлімдерде тәртіп бұзған немесе басшының бұйрығын орындамаған 24 сарбаздың ісі әкімшілік сотта қаралған.

Нұрзат Темірханова, Шымкент горнизоны әскери прокурорының аға көмекшісі
Нұрзат Темірханова, Шымкент горнизоны әскери прокурорының аға көмекшісі

 

Нұрзат Темірханова, Шымкент горнизоны әскери прокурордың аға көмекшісі: «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бқзушылық туралы кодексінің 512-4 бабымен әкімшілік іс қозғалды. Осы бапта «Бағынбау немесе бұйрықты өзгедей орындамау» былай көрсеткен -бағынбау яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашықтан-ашық бас тарту, сол сияқты қызмет мүддесіне елеулі зиян келтірмеген, бастықтың белгіленген тәртіппен берген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамау үшін он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады. Жоғарыда көрсетілген негізде, осы екі мерзімді әскери қызметшілер Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен 5 тіулікке қамауға алынды. Әкімшілік жазасын Шымкент горнизоны әскери полиция бөлімінің гауптвахтадасында өткереді.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=rtILIv9MBK0[/youtube]