ОҚО-да 10 мектеп оқу жылына дайын емес

282
№33 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр

Оңтүстіктегі мектептер 25-тамызға дейін оқу жылына сақадай-сай болуы керек. Облыстық білім басқармасы бір жеті бұрын «99 пайызы

№33 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр
№33 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр

оқушы қабылдауға дайын» деп хабарлаған еді. Бірақ, айтулы мерзім өткенімен, жұмысты кешеуілдетіп жатқан мердігер компаниялар бар екен.

Құрылмаған жылу құбырлары. Жалғанбаған жарық тоқтары. Үйілген күл-қоқыс. Қаламыздағы №33 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары әлі күнге бітпеген. Сондықтан ұстаздар балалардың құжаттын сыртта қабылдап отыр.

Темірғали Қуандықов, №33 мектептің директоры: «Кімнің кінәсы болғанда, тікелей біздің кінәміз емес екені белгілі. Ол енді күрделі жұмыс жүргізіп жатқан мердігер компанияның ішкі дүниесі, қаншалықты, қай себеппен, уақытында орындалмағанын айта алмаймын».

Мердігер компания жөндеу жұмыстарын мамыр айының соңында бастаған. Ал күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауы үшін небәрі 2 күн уақыт қалды. 28-тамызға дейін жарық шаруасы мен жылу құбырларын жөндеп бітуі керек. Ал ата-аналар мен мектеп ұжымы алғашқы қоңырау өз уақытында соғылады деп үміттенеді. Айта кетейік, мектепті жөндеуге қазынадан 82 млн. теңге қаралыпты. Бірақ, онысы 25 -тамызға дейін аяқталуы тиіс болатын. Мектептің бүгінгі жағдайы әзірге осы.

№33 мектепке жөндеу жұмыстары үшін қазынадан 82 млн.теңге қаралыпты
№33 мектепке жөндеу жұмыстары үшін қазынадан 82 млн.теңге қаралыпты

Сәбит Райымбеков, «Шырай» ЖШС-ның директоры: «Бәрі дайын, бәрін біттік тек қабылдап алулары ғана қалды. Мынау жарықты да тексеріп алулары қажет қой».

Биыл Оңтүстікте бас аяғы 109 білім ұясына күрделі жөндеу жүргізіледі. Жұмыстың бәрі 25-тамызда толық аяқталуы да тиіс болатын. Білім саласының басшылары уәдені беріп те қойған еді.

Нышан Байғұтов, ОҚО білім басқармасы басшысының орынбасары: «Мектептердің 99 пайызы жаңа оқу жылына дайын. Қалған кем-кетіктері бар мектептерді қазір қабылдау үстінде. Олар жаңа оқу жылына дейін дайын болады».

Жаңа оқу жылының басталуына бес күн қалды, бірнеше мектепте әлі жөндеу жүріп жатыр. Облыстық білім басқармасының басшылығы облыста бар білім ошақтары 1-қыркүйекте оқушыларды қабылдайтынына сенімді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=fBiP3-eTw5s[/youtube]