Оңтүстікте қауын-қарбыздың бағасы шарықтап тұр

821
Бақша өнімдерінің арзандайтын түрі жоқ

Күнгейде қауын мен қарбыздың нағыз пісіп жетілетін мезгілі болса да, бақша дақылдарының бағасы өңірімізде әзірге шарықтап тұр. Көл-көсір болып жататын қауын мен қарбыздың бағасы неліктен өсіп отырғандығын білгіміз келіп, қала базарларына барып қайттық.

Бақша өнімдерінің арзандайтын түрі жоқ
Бақша өнімдерінің арзандайтын түрі жоқ

Қазір қала базарларында қауын-қарбыздың саудасы қызған шақ. Әсіресе, көше бойындағы жабайы сауда нүктелерінде бақша өнімдерінен көз сүрінеді. Алайда, көл-көсір өнім бола тұра бағасы қымбат. Қарбыздың бір келісі шамамен 40-45 теңгеден саудаланылса, қауынның келісі 70-80 теңгеге бір-ақ шарықтаған.

Ерғали Нұрмаханов, қала тұрғыны: «Қымбат. Былтырғыға қарағанда қымбаттау әрине. Сонда да алып отырмыз. Үйде немере, бала-шаға бар дегендей».

Облысымызда Шардара, Жетісай, Төрткүл, Отырар аудандарынан тонналап қауын- қарбыз келіп жатқанына қарамастан бағаға бұғау салынар емес. Сатушылардың өздері де өнімді қымбат бағамен алып жатқанын алға тартады.

Эльмира Күлтаева, сатушы: «Күнде азанда барып Жібек жолынан қауын-қарбыз аламыз. Камазбен әкеліп, тұрады. Қауынды 60-тан, қарбызды 35-тен аламыз. Біз үстіне 5-ақ теңге қоямыз. Ал арзандатып бер десең «алсаң ал, алмасаң қой» деп айтады. Оның үстіне әкелетін таксиің бар. Бізге қазіргі ешкімнің жаны ашып тұрғын жоқ».

Қалай дегенде де әзірге өнімнің бағасы алушы мен сатушының да мазасын қашырып тұр. Ал облыстық ауылшаруашылық басқармасының мамандары биыл бақша дақылдарынан облыста бұрын-соңды болып көрмеген рекорттық көлемде өнім жинамақпыз деген болатын.

Болатбек Тастанов, ауыл шаруашылық басқарма бастығының орынбасары: «Былтырғы жылдың қорытындысымен 1 млн 93 мың тонна қауын-қарбыз жинасақ, биыл 2 млн теңге көлемінде астық жинаймыз деген үміттеміз».

Ауыл шаруашылығы саласының мамандарының айтуынша, биыл 30 мың гектар өнімді артығымен жинаймыз. Осылайша шаш етектен кенелеміз деген өнімнің қызығын оны шет елге тасымалдап жатқан алып сатарлар көріп жатыр. Оларға арнайы бөгет болатын қауқар жоқ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-Unj6XfAc2g[/youtube]