Полицейлер қыз зорламақ болғандардың жолын кесті

286
Жәбірленушінің киімі жыртылған

Шымкенттің патрульдік полицейлері қыз зорлау қылмысын болдырмай тастады. Тәртіп сақшылары екі бойжеткенге күш қолданбақ болған күдіктіні құрықтап отыр.

Жәбірленушінің киімі жыртылған
Жәбірленушінің киімі жыртылған

Бұл келеңсіз жағдай түнгі сағат 11 шамасында Қайтпас-2 шағынауданы маңында болған. 102 кезекші бөліміне хабарласқан бойжеткен жанұшырып көмек сұрайды. Айтуынша, 2-3 жігіт өзін зорламақ болыпты. Жедел басқару орталының операторы оқиға орнына тездетіп жақын маңда кезекшілікте жүрген патрульдік полиция взводын аттандырады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=wmLc6pvzQ2E[/youtube]

Тәртіп сақшыларының анықтағаны – екі қыз бен 3 жігіт осы кеште танысыпты. Көңіл көтеру орталығында түнге дейін отырып, барлығы сыртқа шыққан сәтте жігіттер қыздарды көлікке отырғызып, осы маңға әкелген. Сосын күш қолданып, зорламақ болыпты. Жәбірленушінің бірі осылай дейді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=1KHD0EoEH5g[/youtube]

Ал ұсталған жігіттің айтары мүлде басқаша. Ол өзіне жала жабылғанына сенімді. Суға шомылатын орында таныстықты атап өткен соң 2 қыз бен 2 жігіт болып, көлікке отырған. Бұл жаққа қыздардың өз келісімен келдік деп отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=UAVrrRkjd_A[/youtube]

Қалай болғанда да дау-дамайға қатыстылардың барлығын тәртіп сақшылары Әл Фараби полиция бөліміне алып кетті. Енді мәселенің мән-жайын сондағы тергеушілер анықтайтын болады.