Шымкенттегі жол апатынан 9 адам жарақат алды

577
Көліктің тас-талқаны шықты

Шымкентте ірі жол апаты орын алды. Бәйдібек би көшесінің бойында, Тұлпар көлінің алдында Опель және Тойота көліктері соғысып қалды. Соның салдарынан 9 адам зардап шеккен. Оқиға орнына 11 жедел жәрдем көлігі шақырылды. Оған қоса ондаған жол полицейлері мен төтенше жағдай қызметкерлері де апат болған жерге тез арада жеткен.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=rFpaY8eQduY[/youtube]

Зардап шеккендердің кейбірі ауыр жарақат алған. 9 адамның барлығы да жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Қазір тексеру амалдары жалғасуда.

Көліктің тас-талқаны шықты
Көліктің тас-талқаны шықты