Жабайы жарнамаға жол жоқ

369
заңсыз жарнамаларға жол берген кәсіпкерлерге ескерту берілді
Заңсыз жарнамалар алынып тасталды
Заңсыз жарнамалар алынып тасталды

Қалада заңсыз жарнамаларды жаппай жою басталды. Шаһар көркін қашырып, ретсіз ілінген билбордтар мен жарнама тақтайшалардың көзін құртуға Еңбекші аудандық әкімдігі білек сыбана кірісіп кетті.

Досалы Амангелдиев, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары: «Тәуке хан даңғылы бойындағы 45-ке жуық коммерциялық құрылымның 25-і заңдастырылған, ал қалған оннан аса коммерциялық құрылымдардың жарнама иелері заңдастырмаған. Ол азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құзырлы органдармен бірге жою жұмыстары жүргізіп жатыр».

заңсыз жарнамаларға жол берген кәсіпкерлерге ескерту берілді
заңсыз жарнамаларға жол берген кәсіпкерлерге ескерту берілді

Еңбекші ауданы аумағындағы Тәуке хан даңғылының бойын жабайы жарнамалардан тазалауға қалалық сәулет және құрылыс бөлімі, тілдерді дамыту бөлімі де атсалысты. Қала тазалығы мен сәулеті үшін жүргізілген рейдте ақсақалдар мен жастар да жүр. Ескертуге құлақ аспағандардың сыртқы жарнамалары жыртылып, иелеріне хаттама толтырылды. Жалпы, ауданға қарасты 334 көшенің бойы осындай заңсыз жарнамалардан арылады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=0bmuKaQJc9I[/youtube]