Қаруы бар 2500 тұлға медициналық тексеруден дұрыс өтпеген

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы (Шымкент қаласы Республика даңғылы,6)

Шымкнеттегі бір ғана Әл Фараби ауданында екі жарым мыңнан аса қару адамдарға заңсыз берілген. Бұл өрескел олқылықты тексеру жүгізген прокуратура қызметкерлері анықтап отыр. Заң бойынша қаруды сақтауға немесе алып жүруге рұқсатты алу үшін қару иелері біріншіден толық медициналық тексеруден өтуі керек.

Қазір травматикалық қаруларға рұқсат берілмейді
Қазір травматикалық қаруларға рұқсат берілмейді

Қазіргі таңда жарақат салатын қаруларды азаматтарға беруге рұқсат жоқ. Қару сататын дүкен иелері бұл тәртіппен таныс. Қолында құжаты жоқ азаматқа қару сатылмайды.

Аңшы қаруын сатып алуға 27-30 жастағы азаматтарға рұқсат беріледі
Аңшы қаруын сатып алуға 27-30 жастағы азаматтарға рұқсат беріледі

Қазіргі таңда Әл Фараби аудандық прокуратураның қызметкерлері қаруы бар азаматтарға медициналық тексеруден өтіп, қорытындыларын алып келуін өтініп, хабарлама жіберген. Егер қару иелері тексеруден өте алмаса, сатылған қарудың қалай қайтарылатыны белгісіз.