Балабақша меңгерушісі парамен ұсталды

438
Сәбилер балабақша ауласында отыр

Шымкенттегі № 70 балабақшаның жетекшісі өз қызметкерінен 75 мың теңге пара алған. Бұл ақшаны меңгеруші бала күтіміне байланысты демалыста жүрген тәрбиешіден жұмысқа қайта шығуына рұқсат беру үшін алған. Істің соңы қаржы полицейлерінің араласуымен аяқталды.

Сәбилер балабақша ауласында отыр
Сәбилер балабақша ауласында отыр

Бұл балабақшада сол күні жөндеу жұмыстары жүріп жатқан болатын. Бүлдіршіндер қолайсыз жағдайда тәрбиеленіп жатқаны аздай, меңгерушісі істі болып қалады. Сол күні қаржы полицейлерінің кенеттен білім ошағына келуі сәбилер үшін де, тәрбиелеушілер үшін де төбеден жай түскендей болыпты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=r3HRr7dV48M[/youtube]

Ал қаржы полицейлері терезеден жайдан-жай секірмеген. Бұл балабақшаның меңгерушісі өз қызметкерінен пара алған. Тәрбиеші бала күтіміне байланысты демалыстан кейін жұмысына оралмақ болады. Алайда, өзінің заңды орнына қайта орналаса алмайды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=UJ-NwQkemPQ[/youtube]

 

Қаржы полицейлерінің мәліметінше, үстіміздегі жылдың 8 айында бір ғана білім беру саласының қызметкерлерінің үстінен пара алуға қатысты 30-дан аса қылмыстық іс қозғалған. Бұл – өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2 есе көп. Күдіктілердің 19-ы жауапқа тартылып, сотты болды. Қазіргі таңда айыпталушылардан мемлекетке келген 35 миллион теңге көлеміндегі шығынның 20 миллион теңгесі кері қайтарылыпты.