«Болашақ» колледжі Білім күнін ерекше атап өтті

2140
"Болашақ" колледжі 13 мамандық бойынша студент оқытады

«Сапалы – білім, сенімді – болашақ». Осындай ұран ұстанған «Болашақ» колледжінің ұжымы да Білім күнін ерекше атап өтті. Салтанатты шараға әдеттегідей 1-курс студенттері алғаш рет қатысты. Бүгінде 1000-нан астам студенті бар «Болашақ» колледжіне мемлекет тарапынан педагогикалық мамандықтарға білім гранты да бөлінген.

"Болашақ" колледжі 13 мамандық бойынша студент оқытады
«Болашақ» колледжі 13 мамандық бойынша білім береді

Ұлжан Жапбарова, студент: «Бұл колледжді таңдаған себебім, бұған дейін оқып, бітірген студенттер мақтаған болатын. Және өзім оқып жүргенде де қатты ұнады. Себебі бұл жақта тек білім ғана емес, өнер жағынан да, студентке барлық жағынан көмек көрсетеді».

«Болашақ» колледжінде студенттер экономикалық, педагогикалық, құқық және технологиялық секілді барлығы 13 мамандық бойынша білім алады. Бұған қоса Түркияның Измир және Англияның Стивэнейдж қаласындағы жоғарғы оқу орындарымен екі арада келісім-шарт жасалған. Студенттердің өз талап-тілегі бойынша оқуларын шетелде жалғастырып, тәжірибесін арттыруға мүмкіндігі мол.

Шарапат Құрманбекова, аға оқытушы: «Жаңа технологияны пайданау жолында біздің ұстаздарымыз жоғарғы мамандандыру курстарынан өткен. Сөйтіп, өздерінің сабақтарына жаңа технологияны ендіре отырып, оқушыларға жеткізе алады».

Айта кетейік, «Болашақ» білім корпорациясының құрамына «Болашақ» мектебі, «Болашақ» колледжі және Экономикалық институт кіреді. Яғни, «Болашақ» мектебін бітіргендер алысқа бармай-ақ, орта және жоғарғы білім алуды осында жалғастыра алады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=qag6rwsO72s[/youtube]