Егілген сексеуілдің үштен бір бөлігі өспей қалды

884
Сексеуіл

26-қыркүйекте өтетін облыстық мәслихат сессиясының алдында тұрақты комиссиялардың отырыстары өтті. Басты мәселе – бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуы. Ауыл-аймақтардың дамуы және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының күн тәртібіне екі мәселе енгізілген болатын. Соның бірі – орман алқабын кеңейту барысында атқарған жұмыстар. Анық болғандай, бюджеттен бөлінген 97 миллион теңгеге егілген сексеуілдің 36  пайызы өңбей қалған.

Сексеуіл
Сексеуіл

 Жанболат Тұғанбаев, ОҚО табиғат  қорғау  прокуроры: «Осылайша 97 миллион теңгенің 35 миллионы босқа шығындалды. Сексеуіл өспей қалды. Ақша құмға сіңген. Әрине, енді  бұл іспен айналысқан мекеме сексеуілді өз есебінен қайта отырғызады.»

 Сұлтанбек Сүгірбаев, облыстық мәслихаттың депутаты: «35 миллион теңге деген – аз ақша емес. Осылай кете берсе, не болмақ? Жауаптылар неге жазаға тартылмаған?»

Басқарма басшысы мен прокурор кінәлілерді жазаға тартуға негіз жоқ деп отыр. Өйткені, жұмыс атқарылған. Ал желге ұшқан 35 миллион теңгенің тағдыры облыстық мәслихаттың 18-сессиясында қаралады. Нүктені депутаттар қояды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=IDkj5b5QpU4[/youtube]