Полиция қызметкері жасаған жол апатынан бір адам мерт болды

339

Шымкентте жол апатына себепкер болған полиция қызметкері ұсталды. Бұл оқиға жұмадан сенбіге қараған түні, сағат 2-ден асқанда болған. Полиция лейтенантының басқаруындағы Лексус көлігі қаладағы зообаққа қарсы беттегі жолдың шетінде тұрған 4 бірдей көлікті соғып кетеді.

Жол апаты зообаққа қарсы бетте болған
Жол апаты зообаққа қарсы бетте болған

Күшті соққының салдарынан Опель көлігі жолдың шетінде тұрған 4 адамды соғады. Олардың барлығы – 29 және 31 жастағы үш азамат пен Ақтау қаласынанан келген 2 жасар  сәби жарақат алды. Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері зардап шеккендерді аруханаға алып кетті.

Соққыдан көліктердің бірі аударылып та кетті
Соққыдан көліктердің бірі аударылып кетті

Өкінішке орай, жарақат алғандардың бірі – 29 жасар азамат ауруханада есін жиаған күйі қаза тапты. Ал жол апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші бір тәуліктен кейін қолға түсті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Lr5ihdanK1A[/youtube]

Айта кету керек, жүргізушінің өзі де жарақат алған. Ол қазір ауруханада емделіп жатыр. Қасында күзетшілер күзетіп отыр. Ішкі істер департаменті өкілдерінің айтуынша, жүргізушінің оқиға болған кезде мас болған-болмағаны сараптама барысында анықталады.