Шымкенттегі ірі базардың бірі уақытша жабылды

235
Сауда орнында бүгін мүлгіген тыныштық

Қаладағы ірі көтерме сауда орны сот шешімімен уақытша жабылды. «Акбар» базарының жұмысы осында өрт қауіпсіздігі шараларын толығымен орындамалмайынша тоқтатылады. Бұған қоса о баста тек қойма ретінде ашылған нысанның сауда-саттық жасау құқығын да қазір құзырлы органдар қарап жатыр.

Сауда орнында бүгін мүлгіген тыныштық
Сауда орнында бүгін мүлгіген тыныштық

Төле би көшесінде орналасқан көтерме сауда базарындағы барлық қақпаларға қара құлып салынып, мөрмен бекітілді. Егер құлып бұзылып, мөр жыртылатын болса, оған базар басшылығы жауап береді. Сот орындаушылар осыны ескертіп отыр.

Сот орындаушылары базар қақпасын жабуда
Сот орындаушылары базар қақпасын жабуда

Енді «Акбар» базары өз саудагерлерін уақытша қабылдай алмайды. Экономикалық сот үстіміздегі жылдың сәуір айында төтенше жағдай басқармасының талап-арызын қанағатандырып, көрсетілген кемшіліктер толық жойылғанша жабылсын деген үкім шығарған. Сот орындаушылары маусым айында өздеріне орындау парағы тапсырылғаннан бері базар басшылығына бірнеше рет ескерту жасағандарын да айтып отыр.

Ал базар басшылары төтенше жағдай саласының қызметкерлері мен сот орындаушыларының әрекетеріне қарсылық білдірген жоқ. Дегенмен, талаптың талайын орындағандарын айтып, ақталуда.

Қалай болғанда да бүгінгі жасалған әрекет заңды әрі осындағы сатушы мен сатып алушының қауіпсіздігі үшін қолға алынып отыр. Енді саудагерлер өрт қауіпсіздігі шараларының неге дер кезінде орындалмағанын сот орындаушыларынан емес, базар иелерінен сұрауы тиіс.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=JDJKCzITqeE[/youtube]