«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы тағлымды тәжірибе жинақтауға жол ашады

Қоғамдық қабылдау

 «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша «Нұр Отан» партиясының мүшелері азаматтарды қабылдау акциясын өткізді. Республикалық шара аясында қалалық жұмыспен қамту орталығы бос орындар жәрмеңкесін де қоса ұйымдастырған. Жұмыс іздеген жастар билік басындағылармен кездесіп, тікелей сұрақтарына жауап алды.

Қоғамдық қабылдау
Қоғамдық қабылдау

Жыл басынан бері шымкенттік 2300 азамат жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа орналасқан. Дегенмен, әліде бос орындар бар. Тапсырыс беріп отырған мекемелер көп.

Салтанат Бейсебаева, Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының қызметкері: «Жыл соңына дейін біз жастарды тұрақты жұмыспен толық қамтимыз деп отырмыз. Бұл бағытта атқарып отырған шаруалар ауқымды.»

Жәрмеңкеге келгендердің ешқайсысы назардан тыс қалмады. Әсіресе оқуды жаңадан аяқтағандардың жолы болды. Оларға бірден жастар тәжірибесі бойынша жолдама берілді. Бір айта кетерлігі – жұмыс іздегендердің басым бөлігі педагогтар. Ал еңбек нарығында техникалық мамандық иелері мен кәсіби білім алғандарға сұраныс жоғары.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=qTVTVf3anK8[/youtube]