Үздік ұстаздар марапатталды

Марапаттау сәті

Қазан айының бірінші жексенбісі – ұстаздар мерекесіне орай қала әкімшілігі шаһардағы үздік мұғалімдерді марапаттады. Шәкірт тәрбиелеуде үлкен жетістіктерге жеткен мұғалімдерге әннен шашу шашылып, құрмет көрсетілді.

Марапаттау сәті
Марапаттау сәті

Шымкент қаласында 15 мыңнан астам мұғалім болса, соның үштен бірі ғана жоғары санаттағылар. Саннан сапаға өту үшін шаһардағы мұғалімдер қазіргі таңда «Кембридж» үлгісіндегі біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жүр. Осы ретте қалалық білім бөлімінің өкілдері білікті маманға зәру екенін айтады.

Десе де, ауызды құрғақ шөппен сүрте берудің жөні болмас. Республикалық рейтингте Оңтүстік ұстаздарының деңгейі жоғары дейді білім саласының мамандары.

Оның айқын дәлелі ретінде қаламыздағы №38 мектеп пен №58 балабақша мамандарының еліміз бойынша ұйымдастырылған «Үздік педагог» бас жүлдесін қанжығаға байлағанын айтуыға болады.