Сарыағаш халқы ауызсумен толық қамтылмаған

396
Сарыағаш ауданының әкімі Бақытбек Мақұлбаев : "Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру қажет"

Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуде оқушылары ең төменгі балл жинаған – Сарыағаш ауданы. Баспасөз мәслихатын өткізген осы ауданның әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев жағдайды реттеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен БАҚ өкілдерін таныстырды. Талдау барысында дәріс беретін мұғалімдердің өздерінің білім деңгейінің төмен екені анықталған. Аудандағы 143 білім ордасында талаптар күшейтіліп, педагогтардың біліктілігін жетілдіру бойынша кешенді бағдарлама қабылданыпты.

Сарыағаш ауданының әкімі Бақытбек Мақұлбаев  : "Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру қажет"
Сарыағаш ауданының әкімі Бақытбек Мақұлбаев

Әбдібақыт Мақұлбаев, Сарыағаш ауданының әкімі: «2013-2014 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары қолға алынған. Білім мекемелерінің 125-іне 12309 тонна көмір жеткізілді. Сұйық отынмен жылытылатын 7 мектепке  514 тонна дизельді отынның 64,9 тоннасы алынды. Қалған 450 тоннасы қоймаларда сақталынбақ.»

Проблемаларды жасырмаған басшы халықты ауызсумен қамту жұмысы да елдімекендерде баяу жүріп жатқанына тоқталды. Аудандағы 154 елдімекеннің 96-ы әртүрлі көздерден су пайдалануда, тағы 88 ауылға жаңа су жүйесін тарту керек. Шалғайда орналасқан 8 ауылда тұру болашақсыз деп танылып, ол елдімекендерге  су жүргізілмейді.

Ауыл шаруашылығы саласында біраз ілгерушілік бар. Өнімдерінің жалпы құны 23 679 мың теңгені құрады. Ауданда 70 900 гектар межеленіп, нақты 72 141,5 гектарға егіс егілді. Оның ішінде 42 200 гектары – суармалы, 29941,5 гектары – тәлімдік егістік жер. Ағымдағы жылы 22 гектар жерге жылыжай салу тапсырмасы 190,3 пайызға орындалған. Яғни, 9 айда  41,8 гектар жерге жылыжай салынды.

«Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде  Сарыағаш ауданында  20 жоба ұсынылып,оның 9 жобасы «Өңірлік индустриаландыру картасына» енгізілген. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында 4240,5  мың теңге көтерме жәрдемақы 35 маманға  үлестірілді.

 Әбдібақыт Мақұлбаев, Сарыағаш ауданының әкімі: «Тұрғын үй сатып алу үшін 10 маманға 26 368 мың теңге бюджеттік несие берілді. Ауданда «Балапан» бағдарламасы да іске  асуда. 149 мектепке дейінгі ұйымдардың 24-і – мемлекеттік балабақша, 45-і – шағын орталық, ал жекеменшік балабақшаның саны – 80.»

Ауданда 4302  жұмыссыз адам тіркелген. Тағы 4622 адам жұмысқа орналастырылған. Қоғамдық ақылы жұмысқа  487 адам тартылған. 18 жасқа дейінгі 44478 балаға 570 689 мың теңге жәрдемақы төленді.