Шымкенттің туған күні «Тәуелсіздік саябағында» жалғасты (фото)

Шараны өткізуге 5 мың оқушы қатысуда

Қала күнінің тойланып жатқанына бүгін – төртінші күн. Бұл жолы Шымқаланың думанды мерекесі «Тәуелсіздік саябағында» жалғасты. Оқушылардың көзқарасымен салынған болашақ Шымкенттің кескіні мен олар әсемдеген гүл композициялары шаһар жұртшылығының көзайымына айналды.

Шараны өткізуге 5 мың оқушы қатысуда
Шараны өткізуге 5 мың оқушы қатысты

 

7

Шәкірттер Шымкенттің болашағын басқалардан ерекше көреді. Мольбертке сурет салған балалар көркемсурет мектебі оқушыларының бірі – Дәулет Зайдуллаев күн шуағына бөленген Шымшаһарды еңселі ғимараттармен елестетіпті. Бала қиял көпқабатты үйлердің үстіне киіз үй тұрғызып, күнгейдің қазақи кейпін «қалықтатып» қойсам дейді.

6

Дәулет Зайдуллаев, балалар көркемсурет мектебінің 8-сынып оқушысы: «Мен шығармамда телескоппен ғарышты көруге болатын ғимаратқа орын беруді жөн көрдім. Одан соң көпқабатты үй үстіне киіз үй салдым. Бұл – қазақы дәстүріміз жоғалып кетпесін дегенім. Жалпы, Шымкентті болашақта үлкен шаһар етіп елестетем. Өзіме қаламыздағы «Дендросаябақ» ұнайды. Онда дем алған жақсы.»

15

 

11

 

12

Гүл композициясындағы көрініс мүлдем бөлек. Қиялына ерік берген оқушыларымыз қаланың көркем жерлерін гүлмен әспеттеп, көрген адамды көзайым етті. Мерекенің мерейін үстем еткен тағы бір шара – алғаш рет ұйымдастырылған спорттық «Отбасылар сайысы» болды.

13

Асанбай Иманқұлов, қала тұрғыны: «Бұл ойынның басты мақсаты – отбасындағы әке мен ананың және балалардың бірігіп, жеңіске жетуге талпынуы. Яғни, бұдан отбасының қазығы берік бола түседі. Меніңше, мұндай іс-шаралар көптеп ұйымдастырылу керек. Сонда жанұямыз жылуға толып, іргеміз берік болады.»

16

Қуантарлығы сол, тоқырау кезеңінде сәулетінен де сән кеткен Шымкент күн санап көркейіп келеді. Халқының саны артқан. Әлеуметінің әлеуеті де көңіл көншітеді. Ескі ғимараттары реттеліп, жаңа нысандар бас жоспарға сай бой көтеріп жатқанын айтады көнекөздер. Осыған қарап, қаланың елдегі үшінші мегаполис атануының ауылы жақын қалғанын білуге болатындай.

3

 

4

Баһадүр Нарымбетов, қала әкімінің орынбасары: «Шымкентте бүгінгі таңда көптеген құрылыс жүріп жатыр. Біздің жердің астынан халықаралық маңыздағы құбырлар өтіп, жер бетінен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі салынуда. Одан бөлек бас жоспарға сай салынып жатқан әкімшілік-іскерлік орталығымыз да бар. Демек, осындай істердің нәтижесінде біз міндетті түрде Елбасы армандаған «Үшінші мегаполис» атына қол жеткіземіз. Біз мегаполис боламыз. Біз жақсы дамимыз. Бізге оған табиғатымыз да, қаламыз да, қаламыздың ең басты байлығы – тұрғындарының да әл-ауқаты жетеді.»

17

Бұйыртса, Шымқаланың іргесі қаланғанына келесі жылы 2200 жыла толады. Биылғы мереке сол үлкен тойға дайындық. Жалпы, шаһар мейрамын тиісті дәрежеде атап өтуге бұл күні 5 мыңнан астам оқушы атсалысты. Осы шара үшін қала билігі 2 миллион 700 мың теңге бөлсе, қалғанына кәсіпкерлер жомарттық танытып жатыр.

19